Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Екі адамнан індет белгісі табылды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында екі адамның коронавирус инфекциясын  жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: Екі адамнан індет белгісі табылды

Пациенттердің бірі Қарағандының 1991 жылы туған тұрғыны болса, екіншісі Шахтинск қаласында тұратын 48 жастағы әйел адам. Науқастардың екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды.

Мамырдың 5-іне дейін келіп түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында COVID-19 індетін жұқтырудың 161 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 77 адам аурудан жазылып шықты. 

 

 

Қарағанды облысы