Бірінші оқиға Тараз қаласында анықталған. 1996 жылы туған науқас бұған дейін ауырғандармен байланыста болған. ПТР-тексерудің нәтижелері коронавирустық инфекцияның бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, індет Атырау облысының Теңіз кентінде вахталық әдіспен жұмыс істеген 1964, 1966 және 1980 жылы туған үш ер адамнан да табылды. Белгіленген алгоритмге сәйкес, өңірге келгеннен кейін олар карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау қорытындылары бойынша оларға COVID-2019 диагнозы қойылды. Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылған. Олармен жақын байланыста болған адамдар карантинге оқшауланып, оларды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, ағымдағы жылғы 5 мамыр күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 158 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Тараз қаласында 74, Байзақ ауданында 11, Жамбыл ауданында 5, Қордай ауданында 37, Меркі ауданында 3, Шу ауданында 2 және Мойынқұм ауданында 1 адамнан анықталған. Сондай-ақ, «Дели – Тараз» рейсімен келген жолаушылардан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында 19 оқиға анықталған. Барлық дерт жұқтырғандардың 51-і сауығып, үй карантиніне шығарылған. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.
Жамбыл облысы