«Қазақстанның барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысының (ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Жалпы соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылған еді. Жауынгерлік ерліктері үшін мыңдаған қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды» деді вице-министр.