Білім • 05 Мамыр, 2020

Білім және ғылым министрі халыққа есеп бермек

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Білім және ғылым министрі халыққа есеп бермек

Маңызды жиын 2020 жылғы 4 маусымда сағат 11:00-ге бекітілген. 

Ведомствоның баспасөз қызметі жолдаған жабарламада: 

«Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ведомстваның ресми интернет-ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін байланыс деректеріңізді көрсетуді сұраймыз.

Есеп беру кездесуі министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында, мамандандырылған интернет-порталдарда және БАҚ-та онлайн форматта жүргізіледі.

Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату үшін 1450 қысқа нөмірлі call-орталығы, әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми парақшалары, Telegram-арнасы мен мессенджерлердегі арнайы чаттар жұмыс істейді», делінген.