Оралдағы әскери бөлімде Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің 5517 әскери бөлімшесінің үш жауынгері газға уланып қалды. Осының салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы «Уральская неделя» апталығы хабарлады.
Басылым осы орайда әскери бөлім командирінің тәрбие және құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Біләловтің сөзінен дәйек келтіреді. Ал материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының қатардағы жауынгерлері Нұрсұлтан Абдулла, Тілен Берин және келісімшартпен келген аға сержант Залмұханов әскери бөлімдегі күзгі кезеңге дайындыққа сай канализацияны тазалау жөнінде бұйрық алады. Олар өздерімен бірге онда противогаз ала барған.
Соңынан олардың бәрі төмендегі газға қатты уланып қалған. Соның салдарынан қатардағы жауынгер Абдулла қаза табады. Қалған екеуі жансақтау бөліміне жеткізіледі.Қаза тапқан Абдулла әскерге 2012 жылдың желтоқсанында Қызылорда облысынан шақырылған екен. Қазір оның мәйітін туған жеріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Ал тірі қалған жауынгерлердің туған-туыстары өтемақы алады.
Мәселенің анық-қанығы анықталып жатыр.
Мұрат АЙТҚОЖА.