Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Алматылық кәсіп иелері өз жұмысына кірісе бастады

14 реткөрсетілді

Кешеден бастап Алматыда кәсіпорындарды іске қосудың 3-кезеңі басталғаны белгілі. Тиісінше барлық мекемелер алдымен қалалық бас санитар бекіткен қаулыдағы эпидемиялогилық талаптарды орындауы қажет және  infoalmaty.kz сайтына өтініш қалдыруы тиіс.

Аталған кезеңде  41 мыңнан астам алматылық  жұмысқа қайта кіріседі деп күтілуде. Іске кірісу үшін мекемелер барлық санитарлық эпидемиялогиялық талаптарға сай болуы керек.

Бір жарым ай үзілістен кейін жұмысқа кіріскендердің бірі Ерлан Нұрданбек. Шаһарда өзінің жеке сұлулық салонын жүргізетін Ерланның қуанышында шек жоқ. Кәсіпкер өз кезегінде барлық талаптардан сүрінбей өтіп, мамандардың рұқсатын алған.

 «Біз ашылуға болады деген хабарландыруды естігенде бірден жұмыс орнымызды талапқа сай етіп әзірледік. Біз үшін қызметкерлеріміз бен келушілеріміздің денсаулығы бәрінен маңызды. Шашын қалыпқа келтіргісі келетіндерді  тек алдын-ала жазылу бойынша қабылдап жатырмыз. Бетпердесіз келген азаматтарды қабылдамаймыз», дейді Ерлан Нұрданбек.

Алматы кәсіпорындарын  қалпына келтірудің үшінші кезеңінде шаштараздар,  (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалон мен гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлікке қызмет көрсететін компаниялар, айырбастау пункттері бірте-бірте қалыпты өмірге қадам басады. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласында аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау орындары және баспаханалар өз жұмысын бастайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Кім қалай оқып жүр?

Әдебиет • Бүгін, 12:02

ҚПЛ бір командаға азайды

Спорт • Бүгін, 08:17

Тарихқа таразы болар бастама

Саясат • Бүгін, 08:04

Жүйелі жұмысты қажет етеді

Саясат • Бүгін, 08:01

«Balapannan» базарлық

Қоғам • Бүгін, 07:23

Жетім бұрыштағы жеті нота

Өнер • Бүгін, 07:20

Алаштың асыл перзенті

Руханият • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар