Әдебиет • 05 Мамыр, 2020

Жаңа кітап: «Таусылмас түн»

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ прозасының қоржыны тағы бір су жаңа кітаппен толықты. Жас жазушы Есбол Нұрахметтің «Таусылмас түн» атты тырнақалды новеллалар жинағы жарық көрді.

Жаңа кітап: «Таусылмас түн»

Кітап бүгінгі қазақ қоғамындағы әлеуметтік һәм психологиялық тақырыптарды қаузаған жиырма шағын новелладан тұрады. Сондай-ақ, өзіндік жазу стилімен, оқып отырып селк еткізетін тосын шешімдерімен ерекшеленетін автордың бұрын жарияланбаған, оқырманға таңсық шығармалары да енген.

Айта кетейік, «Өрнек» баспасынан 1000 данамен шыққан жинақ жас жазушының өз қаржысына шығып отыр. Сатылымына келсек, оқырман қауым «Таусылмас түнді» @ruhani_kitap онлайн кітап дүкенінен тапсырыс бере алады. Автордың сөзінше, еліміздегі төтенше жағдай тұрақталған соң жинақ «Қазына» «Меломан» кітап дүкендерінде де сатылмақ екен.

Жас жазушыны тырнақалды жинағымен құттықтай отырып, творчестволық табыс тілейміз.