21 Қыркүйек, 2013

«Шахтер» соңғы минутта сыр берді

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні түнде Грекияның Салоники қаласында жергілікті ПАОК-пен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші матчын өткізген Қарағандының «Шахтері»1:2 есебімен ұтылып қалды.

Бұрнағы күні түнде Грекияның Салоники қаласында жергілікті ПАОК-пен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші матчын өткізген Қарағандының «Шахтері»1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жерлестеріміз төрешінің қосқан соңғы екі минуттық қо­сым­шасында бір гол жібе­ріп алып, кездесудің қоры­тын­дысында жеңілуге мәжбүр болды. Ал алаңдағы ойын көп уақыт екі команданың тең дәрежедегі текетіресі жағдайында өтіп жатты. Соған қарамастан, қар­сыластар үзіліске осылай есеп аша алмаған күйлері шық­ты. Ал 49-минутта гректер өз­де­рінің айып алаңдарына келген Рохер Каньясты қағып құлатты. Пенальти! Оны жәбір көрушінің өзі жүзеге асырды.

Жасыратыны жоқ, қара­ған­дылықтар осыдан кейін ойнамай қойды. Шамасы, осы есеппен матч соңына дейін жетеміз деп ойласа керек. Бірақ олай болмай шықты. Өз алаңында ұтылып қалу қаупі туған гректер енді жан­таласа алға ұмтылды. Осы ұм­тылысты олар екі рет голға айналдыра білді. Бұлардың бі­ріншісін 75-минутта Стефанос Атанасиадистің көмегімен тү­сірген олар ойынға қосылған екін­ші минутта жеңісті де бір­жола тартып әкетті. Оның ретін матч бітуге 5 минут қалғанда алаңнан көрінген Звонимир Ву­кич келтірді.

Осылайша «Шахтер» қо­сымша қосылған уақытта жеңі­ліске ұшырады.

Топ­тың келесі туры ойын­дары 3 қазан күні ойналады. Бұл күні қарағандылықтар Из­раиль­дің Хайфа қаласының «Мак­каби» командасын қабыл­дайды.

Руслан ИГІЛІК.

 

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23