«Қауіпсіздік шаралары барынша сақталса да қысымнан жол жабындысы бұзылып, бу шығып, ыстық су атқылауы мүмкін. Мұндай кезде тек «АлЖЖ» ЖШС 378-06-65 телефондарына немесе 109 құтқару қызметіне хабарласуды сұраймыз», - деп мәлімдеді компания өкілдері.
Сонымен 13 мамыр мен 5 маусым аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ нақты қай көшелерде жүргізіледі? Алматылықтар мұны төмендегі тізімнен көруіне болады.
13-14 мамырда Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь шеңберінде;
13-18 мамырда – Асқаров – «Алматы» шипажайы – Саин – Әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Фурманов – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІД шипажайы шеңберінде;
13 мамырда – Мақатаев – Бөкейханов – Рысқұлов – Сейфуллин шеңберінде; – «Айнабұлақ-1», «Айнабұлақ-2», «Айнабұлақ-3», «Айнабұлақ-4» шағын аудандарында; – «Көкмайса» шағын ауданында (бұрынғы «Дорожник»); – «Кулагер» шағын ауданында; – Ратушный көшесінде;
13-15 мамырда – Гоголь – Қорған – Сәтпаев – Чайковский; – Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов; 13-22 мамырда – Зимняя – Дөнентаев – Лаврентьев – Дөнентаев шаршысында;
14 мамырда – Рысқұлова – Сейфуллин – Тихов – Жансүгіров; – Қарасай батыр – Розыбакиев – Райымбек – Шәріпов;
14-15 мамырда – Абылай хан – Бөгенбай батыр – Әуэзов – Мақатаев – Сейфуллиа – Тобаяқов; – Төле би – Гайдар – Абай – Әшімов («Қалқаман» шағын ауданы);
15-29 мамырда – Сейфуллин – Стасов – Шолохов – Майбороды. 18 мамырда – Қарасай батыр – Мирзоян – Райымбек – Үлкен Алматы;
18-19 мамырда – Сейфуллин – Тобаяқов – Фурманов – Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би;
19 мамырда – Қарасай батыр – Шагабутдинов – Тимирязев – Розыбакиев; – Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;
19-20 мамырда – Ұлықбек – Шаляпин – Саин – Садуақасов; – Гоголь – Қорған – Сәтпаев – Чайковский;
20 мамырда – Қарасай батыр – Байзақов – Тимирязев – Розыбакиев;
20-21 мамырда – Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсейітова – Сәтпаев – Есентай өзені – Шевченко – Досмұхамедов;
21 мамырда – Жуалы – Сабденов – Жақыбаев – Тарғап;
21-22 мамырда – Қуанышбаева – Рысқұлбеков – Науаи – Саин;
22 мамырда – Қарасай батыр – Тілендиев – Айманов – Жандосов;
22-25 мамырда – Сейфуллин – Рысқұлов – Жангельдин – Райымбек – Куратов – Гоголь;
25 мамырда – Мөңке би – Фариза Оңғарсынова – Момышұлы – «Зерделі» шағын ауданы;
26 мамырда – «Аққайнар» шағын ауданы – Мәмбетов – Үлкен Алматы каналының оңтүстік жағы;
26-27 мамырда – Төле би – Абай – Әшімов – Гайдар;
26 мамыр – 5 маусымда – Шолохов– Земнухов – Ержанов – Акан Сері;
27-29 мамырда – Свободная – Сүйінбай – Бекмаханов – Сүйінбай.
Іс-шараға жауапты мекеме хабарлағандай, аталған көшелерде тұратын тұтынушыларға ыстық су үзіліссіз берілетін болады. Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің қысымға төзімділігін анықтау үшін жүргізіледі.