Экономика • 06 Мамыр, 2020

S&P капиталдандырудың жақсаруына байланысты JýsanBank-тің рейтингісін B/B деңгейіне көтерді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

S&P Global Ratings JýsanBank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «В-»  деңгейінен  «В» деңгейіне дейін көтерді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингісін «В» деңгейінде растады. Болжам – «Тұрақты».  Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша банк рейтингісі «kzBB» деңгейінен «kzBB+» деңгейіне көтерілді.

S&P капиталдандырудың жақсаруына байланысты JýsanBank-тің рейтингісін B/B деңгейіне көтерді

Агенттіктің хабарлауынша, JýsanBank капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қорын жинақтады, бұл оған COVID-19 пандемиясының және мұнай бағасының құлдырауының салдарынан экономикалық өсу қарқынының баяулауы мен операциялық ортаның төмендеуінің әсеріне төтеп беруге мүмкіндік беруі керек.

S&P атап өткендей, JýsanBank-тің жаңа басқару командасы өткен кезеңдерде қалыптасқан проблемалық активтердің сапасын қалпына келтіруде және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұруда айтарлықтай табыстарға жетті.

«JýsanBank рейтингісін қазіргі жағдайда жоғарылауы – бұл айтарлықтай оқиға және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды. Меншікті капитал коэффициенттерінің жеткіліктілігі нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл үлкен жетістік», – деді JýsanBank Басқармасының төрағасы Айбек Қайып агенттіктің шешіміне қатысты.

S&P банктің тәуекелдіктерді азайтуға бағытталған стратегиясының арқасында өтімділіктің едәуір қорын сақтайтындығын баса айтады. Сонымен қатар, банк депозиттік базаны қалпына келтіре алды: 2019 жылы және 2020 жылдың басында клиенттер салымдарының біртіндеп өсуі байқалды.

«Тұрақты» болжам агенттіктің ағымдағы капитал мөлшері, өтімділіктің едәуір қоры және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұру стратегиясы алдағы 12-18 айда банктің ағымдағы кредиттік тәуекелдік профилін қолдайды деген пікірін көрсетеді.

Банк 2019 қаржы жылын 34 млрд теңге таза пайдамен аяқтады.