Сұхбат • 07 Мамыр, 2020

Тегеурінді әскер – қауіпсіздіктің тірегі

322 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты болып қызмет ететін ел ағасымен мереке қарсаңында қазіргі қазақ армиясының әлеуеті жөнінде әңгімелескен едік.

Тегеурінді әскер – қауіпсіздіктің тірегі

– Биыл Қазақстан Қарулы Күш­тері­нің құрылғанына 28 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында қазақ армиясының әлеуеті қаншалықты күшейді?

– Біздің буын Қазақстанның Қарулы Күш­­терін құру және аяғынан нық тұр­ғы­зу бағытын­да атқарылған орасан жұ­мыс­қа куә болды және осы жауап­ты про­­цеске тіке­лей араласты. Көпте­ген мә­­се­ле тез арада шешуді және ре­фор­ма­лау­ды талап етті. Айталық Қару­лы Күш­­­тер­­дің құ­ры­лымын анықтау, әскер­лер­­ді тех­­ни­­ка­лық жарақтандыру, әс­ке­ри бі­лім беру жүйесін құру, әскери қыз­­­мет­­­шінің берік әлеуметтік пакетін қа­­лып­­тас­­т­ыру, әскери ғылым мен жеке тех­но­­­ло­­­гия­­­лар­ды дамыту, халықаралық әскери ынты­мақтастық және басқа да мәселелер.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде кәсіби әскери кадрлармен, заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталған, мобильді бөлімшелері қалыптасқан, толыққанды, жауынгерлік қабілетті армия құру – өте үлкен еңбек. Бүгінде бүкіл әлемде біздің елді табыс­ты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде біледі. Қазақстан әскері де толағай табыстарға қол жеткізді. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көреген шешім­дері мен қазіргі әскери-саяси басшылық жұмысының нәтижесі.

Біздің армияның алдында тұрған міндет­тер толық көлемде орындалып, жауын­герлік даярлық пен елдің қорға­нысы қажетті деңгейде қамтамасыз етілді. Біздің бөлімшелер БҰҰ-ның Ли­ван­­дағы бітімгершілік миссиясына, ел ішін­дегі және басқа да мемлекеттердің аума­ғын­дағы халықаралық әскери ма­невр­­лерге қатысып келеді. Қарулы Күш­тер­дің дамуы тұралап қалған емес. Әскер­лер­дің күнделікті қызметіне біртін­деп жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Гео­ақ­параттық технологиялар, робот­тех­ника, киберқауіпсіздік, автомат­тан­­ды­рылған басқару жүйесі және ұшқыш­сыз авиация сияқты жаңашылдық тәуел­сіздіктің алғашқы жылдары арман еді. Ал қазір мұның бәрі – бүгінгі ар­мия­­­мыз­­­дың бір ерекшелігі. Жыл сайын әс­­ке­­ри-тех­никал­ық әлеуетті арттыру, әс­­ке­­­ри қыз­мет­шілер мен олардың отбасы мү­­ше­­лері­нің әлеуметтік-тұрмыстық және тұр­­ғын үй жағдайларын жақсарту, әске­ри қа­ла­­ш­ықтар мен гарнизондардың инф­­ра­қ­ұ­­­ры­­лымын дамыту жөніндегі мә­се­­ле­лерді шешуге әжептәуір қаржы бөлінеді.

– Әлем елдерінің әскери қуатын бағамдайтын Global FirePower-дің 2020 жылғы рейтингінде Қазақстан 138 мемлекеттің ішінен 63-орыннан көрінді. Былтыр 54-орынға тұрақ­таған едік. Бұл көрсеткіш неге төмен­деді деп ойлайсыз?

– Global Fire Power рейтингін түзген сарапшылар мемлекеттердің әскери қуатын салыстыру үшін 50 түрлі фактор бойынша бағалау әдістемесін пайдаланады. Рейтинг қорытындысын шығарарда қорғаныс бюджеті, әскер саны, әскери техника мен қару-жарақ көлемі, әскер түрлері, мемлекеттің географиялық ерекшеліктері ескеріледі.

Мұндай рейтингтер туралы әртүрлі пі­кір­лер кездеседі. Бірінші кезекте ақпа­рат көзінің объективтілігі мен шы­найы­лығы сұрақ тудырады. Көбінесе олар интернетте жарияланған материалдар мен ашық дереккөздерді пайдала­нады. Сондықтан рейтинг жасағанда не­гіз­делген деректер толық болмауы мүмкін. Әскери істе сарапшылар мұн­дай қо­рытындыларға сүйенбейді. Бастысы, біздің армиямыз жоспарға сәйкес тұ­рақты дамып келе жатыр, елімізді қапы­сыз қорғауға қашанда дайын.

– Арыстағы арсеналдың жарылуы­нан қандай сабақ алдық? Алда осындай төтенше оқиғаларды болдырмау үшін қандай шаруа атқарылып жатыр?

– Арыс қаласындағы апатқа бір жылға жуық уақыт болды. Бүгінге дейін төтенше жағдай салдарын жою бойын­ша құрама жасақ жұмысын жалғас­тыруда. Әскери қызметшілер аумаққа зерттеу жүргізіп, қойма маңайындағы фрагменттерді іздестіріп жатыр. Металл сынықтарын тазалау, сұрыптау және арнайы жабдықталған алаңға шығару, техникалық аумақты тазалау, инженерлік оқ-дәрілерді түгендеу жұмыстары жүр­гізілуде. Жергілікті тұрғындардың өті­ніш­теріне жауап беретін мобильдік топ бұрынғысынша кезекшілік етеді.

Осындай тәуекелдерді барынша азай­ту­дың маңызды бөлігі – оқ-дәрілерді шы­ғару және басқа қоймаларда біркелкі орналастыру. Бұған өткен жылдың мау­сым айынан бастап басымдық беріліп, арнайы күш жұмылдырылды.

– Індет қаупі төніп тұрған шақта Қару­лы Күштердің Бас штабы­нда «Ра­диа­­­циялық, химия­лық, биология­лық қо­рғаныс және эколо­гиялық қауіп­сі­здік департаменті» дейтін жаңа құ­ры­лым жасақталды. Бұл бастаманың тиім­ді тұстарын айтып бере аласыз ба?

– Коронавирус пандемиясы радиа­ция­лық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің қандай маңызы бар екенін көрсетті. Осы ретте Қарулы Күш­терде жаңа департамент құру тура­лы шешім қабылданды. Бұл – қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді, әскер­лердің мүмкіндіктерін және әлем­нің жетекші елдерінің қорғаныс-өнеркәсіп­тік кешенінің даму үрдістерін ескере оты­рып, радиациялық, химиялық, биоло­гия­лық қорғау міндеттері жүктелетін жеке, жаңа құрылымдық бөлімше.

Вирустың таралуына қарсы күреске әскери бөлімшелер алғашқы күннен бастап кірісті. Қарулы Күштердің арнайы отрядтары 22 елді мекенде жалпы көлемі 43 млн шаршы метрден асатын объектілер мен жолдарды зарарсыздандырды. Бұған қоса әртүрлі бөлімшелер өз әскери қызметінің бағытына қарамастан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысуда, әскери авиация шетелден отандастарымызды эвакуациялады, әскери медицина халықтың денсаулығын қорғауға атсалысып жатыр.

– Мемлекет басшысы халыққа Жол­­­дауында тегеурінді әскер қалып­тас­­тыру міндетіне басымдық берді. Бұл ретте қандай жұмыс қолға алын­­ды және Парламентте арнайы бағ­дар­­ла­­ма­лық құжаттар қаралып жатыр ма?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев армияны тиімді және бәсекеге қабілетті қару-жарақпен қамтамасыз етуді, әске­ри білім беру сапасын арттыруды және халықаралық әскери-техникалық ынты­мақтастықты нығайтуды тапсыр­ды. Сондай-ақ оқ-дәрілерді сақтау инфра­құрылымын жетілдіруге назар аудару қажет екенін атап өтті.

Әскерді қайта жарақтандыру – бұл күрделі және әжептәуір ұзақ процесс. Бұл әскердің қажетіне және елдің эко­но­ми­калық әлеуетіне қарай іске асады. Соң­­ғы жылдары Қарулы Күштерге зама­науи көпфункционалды жойғыштар, тік­ұшақ­­тар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жауын­­герлік кемелер әкелініп жатыр. Әуе кө­лік­­терін топтастыру айтарлықтай к­ү­­шей­­­ті­л­­ді. Бұл ел аумағының ауданын ес­­­­кере отырып, әскерлерді батыстан шы­ғыс­­қа және тағы басқа бағытта жедел кө­ші­­ру қажет болған кезде маңызды рөл ат­қ­ара­­ды. Өмірі мен денсаулығына қауіп­ті мі­н­­д­ет­­­терд­і орындайтын әскери қызмет­ші­­лер­­­дің қауіп­­сіздігін қамтамасыз етуге сеп­­­те­­­се­тін робототехникалық кешендер дамуда.

Сондай-ақ отандық кәсіпорындар арқылы қолда бар техниканы күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

– Қазіргі кезде халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту бо­йын­­ша қандай жұмыс жүргізілуде?

– Халықаралық әскери ынтымақ­тастықтың мақсаты – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа елдермен өзара іс-қимылды нығайту. Қазақстан бұл ынтымақтастықты екіжақты қарым-қатынастар контексінде және БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД, НАТО сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін көпвекторлы сыртқы сая­сат, прагматизм, сыртқы саяси және эко­но­микалық мақсат қағидаттарын сақ­тау маңызды.

ҰҚШҰ форматындағы негізгі бағыт­тар – жедел ден қоюдың ұжымдық күш­терін дамыту, кадрлар даярлау және әске­ри-техникалық ынтымақтастық. Ал ТМД форматында біздің Қарулы Күштер қызығушылық танытқан салалардағы көпжақты әскери ынтымақтастыққа мән берілсе, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен ынтымақтастықта жалпы әскери-саяси басымдықтар мен бірлескен терроризмге қарсы даярлық мәселелері назарға алынады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымымен өзара іс-қимыл бірқатар халықаралық құжаттар мен келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл – 2011 жылғы Вена құжаты және Еуро­падағы әдеттегі Қарулы Күштер тура­лы шарт бойынша жыл сайынғы әс­ке­ри ақпаратпен алмасу, ЕҚЫҰ-ның же­ңіл және атыс қаруы туралы құжаты, қауіп­сіз­діктің әскери-саяси аспектілеріне қатыс­ты мінез-құлық кодексі, ЕҚЫҰ-ның ке­дер­гіге қарсы миналар бойынша сұрағы және басқалар. Тұрақты түрде ұйымға қатысу­шы елдер өзара инспекциялар жүргізеді.

НАТО-мен ынтымақтастық шеңберін­де Қазақстан «Бейбітшілік жолын­дағы әріптестік» бағдарламасының қатысу­шысы болып табылады. Бұл бірлес­кен оқу-жаттығуларға қатысу, бейбіт­шілікті қолдау жөніндегі операция­ларды жүргізуде тәжірибе алмасу сияқты іс-шаралар арқылы ұлттық бітімгершілік әле­уетін дамытуға қызмет етеді. Ұлт­тық бітімгершілік әлеуетін дамыту Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақ­ты емес мүшелігі шеңберінде жүзе­ге асырылады. Сонымен қатар Халық­аралық әскери ынтымақтастық екіжақты негізде Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия аймағы елдерімен, АҚШ-пен, ЕО және НАТО елдерімен жүргізіледі.

– Әңгімеңізге рахмет, аға. Мере­ке­ңіз құтты болсын! Қазақ армия­сы­ның айбыны аса берсін!

– Сөз соңында тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бүтін, шебі берік болуы үшін қалтқысыз қызмет етуге қашанда да­йын Отан қорғаушыларды мерекесімен құт­тықтаймын. Азаматтардың отбасына сау­лық, бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұрты­мыз тыныш болсын!

 

Әңгімелескен

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

«Egemen Qazaqstan»