Руханият • 08 Мамыр, 2020

Ұлы Отан соғысында Жеңіске жетуде Қазақстан шойын жолдары шешуші рөл атқарды

1387 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Біз Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл Әскердегі 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылғандығын білеміз...Бірақ Қазақстан темір жолының (КСРО магистральдық желісінің құрамдас бөлігі ретінде) айтарлықтай үлесін толық сезіне бермейміз.

Ұлы Отан соғысында Жеңіске жетуде Қазақстан шойын жолдары шешуші рөл атқарды

Әскери рельстерде

Соғыстың алғашқы айларында республика өндірісінің конверсиясы басталды. Одақтың табиғи ресурсты еуропалық бөлігі жау оккупациясында қалуы жағдайында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналып шыға келді. Бар болғаны 1941—1945 жылдары бұл жерде 460 жаңа өндірістік кәсіпорын салынды.

Академик Манаш Қозыбаев өзінің «Қазақстан — майдан арсеналы» кітабында: «Екінші дүниежүзілік соғыс — үлкен резервтер соғысы, армияны озық техникамен қанықтырған соғыс, тек ерекше маневрлікке құрылған соғыс — марксизм-ленинизм классиктерінің растығын тағы да дәлелдеді. Көлік жұмысы соғысушы жақтар стратегиялық жоспарларының ажырамас бөлігі   болды» дегенді атап кетті.

Соғыс жүк ағынының жағрафиясына үлкен өзгерістер енгізді. Орталық Азия мен Қазақстан жолдарындағы тиеудің үлес салмағы 1940 жылғы 7,9% –тен  1942 жылы 15,1%–ке артты. Республика темір жолдары бойынша тек Қазақстан мен Орталық Азияға шамамен 1,5 миллион тұрғын эвакуацияланып, құрал–жабдықтар мен 308 кәсіпорын көшірілді, деп жазды өз кітабында академик. Тыл мен майданға қажеттіні қамтамасыз ету бойынша негізгі ауыртпалық темір жолға түсті.  

Ақыры, соғыс жылдарында, әсіресе бірінші кезеңінде, республика темір жолдарының рөлі орасан артты. Олар орталықазиялық, қазақстандық тылды майданмен, орталық аудандармен байланыстырды.

М. Қозыбаев «қорқынышты 1942 жылы еліміз экономикасын дамытудағы басты  рөлді теміржол көлігінің жұмысшы табы ойнады» дегенді атап көрсетті. Еліміздің әскери экономикасында Қазақстан жолының рөлі айтарлықтай артты. Қымбат стратегиялық шикізатпен – көмірмен ол көптеген өмірлік маңызды қорғаныс нысандарын қамтамасыз етті.

Отан теміржолшы-гвардияшылардың еңбегін жоғары бағалады. 1942 жылдың тамызында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы үкіметтік пен халық шаруашылығы және қорғаныс жүктерін тасымалдау бойынша әскери қолбасшылық міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін Түрксіб, Қарағанды, Орынбор және өзге де жол жұмысшыларының тобын марапаттады.

2

Оқ ысқырығы мен фашистер мұрынының астымен КСРО еуропалық бөлігінен жүздеген өндірістік кәсіпорындар эвакуацияланған Қазақстандағы темір жол инфрақұрылымы дамуының маңызын ескере отырып, ҰОС жылдарында болат магистральдар салу жалғасты. Бұл, мысалы,   Гурьев — Қандыагаш-Орск (1936—1944) магистралы, мұнай кәсіпшілігімен байланысты Ембі мен Оралға және Ресейдің бірқатар өңіріне қатынасты жақсартты. Бұл және де жоғарыда атап кеткендей, Қарағанды көмірін Оңтүстік Оралға тиімді жеткізуді қамтамасыз еткен Акмолинск-Қарталы (1939—1943) желісі. Сондай-ақ Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал учаскелері. Қазақстан шойын жолдарының ұзындығы 10 мың шақырымға жетті. Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстан темір жолдарында жол шаруашылығы мен жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік базаны құру да белгіленген.

2005 жылы сол кездегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қаділ Таласпеков Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына арнаған мақаласында («Железнодорожный транспорт» журналының №6 санында) «соғыс кезеңі жағдайында Қазақстан шойын жолдары үздіксіз жұмыс істеді» деп жазды.

«Жұмыс істеп тұрған желілермен қатарласа жаңа жолдарды тұрғызу жүргізіліп жатты. Теміржол салушылары күш-жігерідің арқасында соғыс жылдары Қазақстан темір жолдарының ұзындығы 25% өсіп, 1941 пен 1944 жылдары әр өңірде онға тарта жаңа желі іске қосылды – тіпті бейбіт уақыттың өзінде бұрын-соңды болмаған ауқым», – дейді ол.

Халық жаппай ерлік танытып жатқанда теміржолшылар әрине сырт қала алмайды. Қаділ Таласпеков нұсқап кеткендей, «ЖҚХК арнайы құрылымының қатысушылары станциялар, жылумен жабдықтау пунктері бұзылған жолдармен пойыздарды жиі жүргізді».  

3

«Рейстерді орындауда, жиі жау оғының арасымен бұзып-жаруға тура келді. Ұлы Отан соғысының барлық ең ірі стратегиялық операциялары – Сталинград түбіндегі айқас, Ленинград қоршауын бұзып шығу, Курск доғасындағы ұрыс, ия және Берлинді алудың өзі – жалпы алғанда 350-500 мың вагонды жеткізуді қажет етті. Осы бір орасан жұмысты ЖҚХК паровоздар колоннасы ерекше резервінің жеке құрамы өз иықтарына салып алып шықты, - деп бөліседі Қаділ Таласпеков. - Орталықтың бұйрығы бойынша осындай №34 паровоздар колоннасының ерекше резерві бір ай мерзімінде және де Қазақстанның Түркістан-Сібір темір жолында құрылды. Жасақталу  орны еліміздің оңтүстігіндегі Сары-Өзек станциясы болды. Колоннаның жеке құрамы – 425 адамнан – Ресей және өзге де одақтас республикалардан эвакуацияланған теміржолшылармен жасақталды».

Теміржолшылардың үлкен күш-жігері арқасында колонна бар-жоғы екі апта ішінде,  қолбасшылық белгілеген мерзімнен 2 есе жылдам жасақталды. Нәтижесінде Қазақстаннан Сталинград майданы бағытына әскери жүктер эшелонын жөнелтуді мерзімінен бұрын аттандыру мүмкін болды. Сталинград түбіндегі біздің әскерге көмек ретінде қару-жарақ, киім-кешек және азық түлігі бар жүздеген тонна  осындай 30 эшелон жөнелтілді.

Колонна ұжымының бірқатар жаңашылдық ұсыныстарын енгізу есебінен, жөндеусіз,  әр локомотив жүрісін қарастырылған 40-45 мың км орнына 110 мың км дейін жеткізілді. Және де бұл паровоздарда тамақ жасайтын көмір, ағаш, тіпті өзге де әр түрлі шығарындыларды пайдалануды қоспағанда. Бұл ретте жау бүйірінде нағыз батыл ерліктер орын алып жатты. Мысалы, аға машинист В.К.Карлов Днепр арқылы пантон көпірі бойынша салмағы 1550 тонналық пойызды өткізуі фашистер үшін мүлдем күтпеген жағдай болды»

Теміржолшылар соғыс жылдарында және бейбіт кезеңде

Темір жол жұмысшылары  барлық уақытта да жоғары тәртіп пен жауапкершілікпен ерекшеленді.  Соғыс аяқталып, ел біртіндеп «бейбіт» рельске түсе бастағанда, 1941 жылға дейін шойын жолдарда еңбек еткен ардагерлердің көбісі өз жұмыс орындарына қайтып келді. Кейбірі ҰОС  қысылтаянынан өткеннен кейін теміржолшы болды. Солардың бірі  –  еңбегі сіңген қостанайлық теміржолшы Виктор Малыгин. Жақында ғана ол өзінің  95 жасқа толуын атап өтті.

Майданға 17 жасында, онда да ол еріктілер қатарына жазылып кеткен. Артиллерияда соғыса жүріп Берлинге дейін барған. III деңгейлі Даңқ, II деңгейлі Отан соғысы ордендерінің кавалері болып табылады, «Германияны жеңгені үшін»  медалімен марапатталған. Өзінің еңбек жолын Виктор Малыгин паровоз, электровоз, тепловоз машинисі болып жұмыс істеген Қостанай локомотив депосына арнады... 1980 жылы құрметті демалысқа шықты.

1942 жылы әлі де жап-жас Григорий Степаненко әскерге шақырылады. Ол фашистік басқыншылардан Белгород, Орел, Харьков, Курскіні азат етіп, Днепр кешіп, Кенигсберк  пен Варшава үшін соғысады. Кенигсберг үшін ұрыста контузия алады. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

– Оқтар ысқырып өтуде, снарядтар күркіреп жарылуда, бір сағат бұрын ғана шабуылға бірге шыққан жолдастарым көз алдымда өліп жатты. Осының барлығын басымнан өткердім, - деп ардагер көзіне жас алды.

1950 жылдан бастап 1981 жылы зейнетке шыққанға дейін Григорий Степаненко Қарағанды темір жолында жұмыс істеді. Жасы егде тарқанға қарамастан, ол осы күнге дейін қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуда.

5

Матай селосында (Алматы облысы) құрметке ие болған тұрғындарының бірі Ұлы Отан соғысы және Богдан Хмельницкий ордендерінің кавалері Бекімбек Букенов еді. Өңшең теміржолшылардан тұратын Бекімбек ата отбасы қай жерде жүрмесін 9 мамырда – дәстүр бойынша қара шаңырақта бас қосып, Бекімбек Райұлын еске алады. Ол Мәншүк Мәметовамен бір полкта әскерде болды, Невель шабуыл операциясы кезінде ерлік таңытты. Бейбіт күнде Бекімбек Букенов Матай теміржол станциясында жұмыс істеді.

– Біз Отанды өз өмірлерін салып қорғаған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін қастерлеп ұмытпауымыз керек, – дейді Бекімбек Букеновтың баласы Тұрысбек. 

Сондай-ақ 9 мамырда ҚТЖ Магистральдық желі дирекциясының өрт қауіпсіздігі және қалпына келтіру жұмыстары департаментінің директоры Бақытжан Ділімбетовтың өз әкесі – Нәлібай Ділімбетовты еске алу үшін ағалары мен әпкелері дәстүр бойынша  бір үстел басына жиналады. 1942 жылдың күзінде Нәлібай Қызыл Әскер қатарына шақырту алады. Майдандағы барлаушы бола жүріп,  Белгород-Харьков бағытындағы ұрысқа, Украинаның Солжағалауы операциясына, Псков, Днепр үшін шайқасқа қатысады. Бірнеше рет жараланып, I және II деңгейлі Отан соғысының ордендерімен,  «Әскери ерлігі үшін» қос медалімен марапатталған. ҰОС аяқталысымен Нәлібай Ділімбетов әскерде қызметін жалғастырып, артынан – ішкі істер органдарында қызмет жасады.

Осы жылы коронавирус індеті пандемиясы салдарынан құттықтау іс- шаралары біз бәріміз үйреніп қалғандай болмады.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ ардагер теміржолшыларын ешқашан ұмыт қалдырмайды, және де олардың әрбіріне сыйлықтар әзірледі.

Жеңіс күнімен құттықтаймыз!     

Талғат Исенов,

Нұр – Сұлтан қаласы

Соңғы жаңалықтар