–Жеңістің 75 жылдығына орай компанияның әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде соғысардагерлеріне 500 мың теңгеге дейін, тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеге дейін, интернационалист-жауынгерлерге 50 айлық есептік көрсеткішке дейін төлемдерді ұлғайту туралы шешім қабылданды. Біздің компанияда әрбір жауынгер-мұнайшы туралы естелік сақталып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге қамқорлық жасалуда. Олардың барлығы компанияның әлеуметтік қолдауымен қамтамасыз етілді, - дейді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржан.
Қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, компания қамқорлығына алған адамдарды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, емдеу мен дәрі-дәрмек сатып алу шығындарын өтейді.