Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматыда Жеңістің 75 жылдығына арналған еске алу акциясы әлеуметтік желілерде қарқын алды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Каникулы Off-Line 2» фильмінде ойнаған қазақстандық жас актер Айбар Таңғыт өзінің Instagram парақшасында #ҰлыДалаБатырлары челленджін іске қосты.

Алматыда Жеңістің 75 жылдығына арналған еске алу акциясы әлеуметтік желілерде қарқын алды

Жас актер өзінің атасы 391-ші атқыштар дивизиясы 1024-ші атқыштар полкінің жауынгері Қазкен Тыштықбаевтың әскери ерліктері туралы айтып берді.

Бұл челлендж тек Ұлы Жеңісті ғана емес, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиған батырларымызды да ұмытпауға шақырады.

Аталмыш акцияны көптеген қазақстандық танымал адамдар қолдады. Олардың арасында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова, актер, режиссер және продюсер Санжар Мәдиев, бизнесмен Бейбіт Әлібеков және спортшы Алдияр Әлібеков, әнші Әлішер Каримов, актриса Дина Тасбулатова, артист әрі сиқыршы Мұрат Мұтұрғанов, актриса Бибігүл Ақтан, актер Ермек Тұрғанбек, "BestBrothers" музыкалық тобы, сондай-ақ жас жұлдыздар: актер Бекет Мукенев, иллюстратор Ханифа Мағжан, актриса, журналист және блогер Аружан Хафиз, модель Кристина Кириченко, актер Айбат Олжатай және тағы басқалар бар.

Жоба қатысушылары сондай-ақ, халық жадындағы батырлардың ерліктерін мәңгі есте қалдыру үшін бәрімізді осы қатарға қосылуға шақырады. Соғыс қаһармандары біз үшін отаншылдық пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік үлгісі. Осынау рухани құндылықтарды сақтау және ардагерлерімізді мейірім мен қамқорлыққа бөлеу аса маңызды.