«Биыл қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 85 жыл. Осынау игілікті іс-шараға байланысты «Атырау» телеарнасы #ЖҰМЕКЕН85 жыр эстафетасын бастаған болатын. Өлең оқу челленджін композитор, музыкатанушы, профессор Илья Жақановтан қабылдап алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова эстафетаны Ұлықбек Есдәулетов, Төлеген Мұхамеджанов, Талғат Теменов, Майра Мұхамедқызы сынды өнер және мәдениет майталмандарына жолдады», - делінген министрліктің Facebook-парақшасында.
Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова Ж.Нәжімеденовтің «Менің елім» туындысынан үзінді оқып берді.