24 Қыркүйек, 2013

Халықаралық қоғамдастық ықыласы

373 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылғалы әлемдік қоғамдастықтың өңірлермен байланысы да нығая түсуде. Оны бұрнағы күні Ақмола облысына Норвегия мен Қытай делегацияларының келуінен көруге болады.

 

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылғалы әлемдік қоғамдастықтың өңірлермен байланысы да нығая түсуде. Оны бұрнағы күні Ақмола облысына Норвегия мен Қытай делегацияларының келуінен көруге болады.

Норвегияның Қазақстандағы елшісі Оле Йохан Борней бастаған делегацияны облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов қабылдап, бұл кез­десу нақты жобаларды жүзеге асы­ру­ға ықпал ететіндігін атап көрсет­ті.

– Жалпы, ел экономикасында біздің өңірдің үлесі салмақты, – деді облыс әкімі. – Аймақ алтын, уран, доломит кендерімен қатар, сирек кездесетін металдарды, сон­дай-ақ, астықтың төрттен бір бөлігін өндіреді. Дәл қазіргі таңда егін орағы қызу жүріп жатыр. Астықты сақтау үшін қоймалар мен элеваторлар жеткілікті. Ал мал және сүт шаруашылығы саласында да біраз жобалар жүзеге асса, жыл аяғына дейін тағы бірқатар мал бордақылау мен сүт фермаларын ашу көзделіп отыр. Ақмола облысы Астананың азық-түлік белдеуін құру бағытын мықтап ұстануда. Осы мақсатта 48 миллиард теңгеге бағаланған 75 жоба іске асырылуда. Соның арқасында жыл аяғына дейін астаналықтар сұранымын етпен 46 пайызға, сүтпен – 40, картоппен – 80, жұмыртқамен 100 пайызға қамтамасыз етуге қол жеткізілмекші.

– Қазақстан мен Норвегия арасында бірқатар салаларда ын­тымақтастық қарым-қатынас орнап, беки түсті, – деді Оле Йохан Бор­ней. Қазақстан Норвегияға ас­тық пен өнеркәсіптік тауарлар шығарса, ол жақтан құрал-жаб­дық пен технология, химия өнер­кә­сі­бінің өнімдері импортталады. Өткен жылғы қорытындылар бой­ын­ша тауар айналымының кө­ле­мі 54 миллион АҚШ долларын құрады. Ал қазақстандық экс­порт­тың 98 пайызы астық өнімдерінің үлесінде.

Кездесуде Норвегияның Қазақ­стандағы сауда және жобалар жө­ніндегі хатшысы Эльмира Әділ еліміздің гендерлік саясатының үлгісі мен оның ұлттық заң шең­бер­інде қолданылуы, зорлық-зом­бы­лықтан зардап шеккен адам­дар­ға қолғабыс көрсететін дағда­рыстық орталықтар туралы әң­гімеледі. «Рогаланд курстық және кә­сіптік дайындық орталығының» жобалар менеджері Ольга Пономарева «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы» жобасы жайлы түсінік берді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова ортақ жобалардың нәтижесінде колледждер жанынан «Қазақстан-Норвегия орталығы» ашылғанын, кәсіби және техникалық кадрлар даярлау бағытындағы корпоративтік қор құрылғанын хабарлады. Ал Бурабай ауданындағы «Есіл Агро» ЖШС бас директоры Асыл­бек Ес­мағамбетов тәжірибе алмасу мақ­сатында Норвегияда бол­ған­дығын, қазір серіктестік норве­гиялық жобамен үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқандығын айтты.

Солтүстік Қытай энергетикалық жобалау-инженерлік компаниясының өкілдерімен кездесуде облыс экономикасына инвестиция құю мәсе­лелері талқыланды. Өңір басшысы Қ.Айтмұхаметов бұл жөнінде Көк­шетауда салынатын жылу электр ор­та­лығының маңыздылығын алға тарт­ты. Жаңа нысан озық техноло­гия­лармен және экологиялық таза құрылыс материалдарымен қам­та­масыз етілуіне мүдделілік білдірілді.

Қытай компаниясының коммер­циялық істер жөніндегі вице-пре­зи­денті Ни Хуан компания әлемдегі жоғары технологиялық-инженерлік құрылыстарды жобалаумен айналысатын ең іргелі компаниялардың бірі саналатынын тілге тиек етті. Қазірдің өзінде әлемнің елуге тарта елінде, соның ішінде Беларусьте әртүрлі жобалар жүзеге асырылуда. Әңгіме барысында Көкшетаудағы маңызды нысан басым жобалар тізіміне енгізілуі мүмкіндігі атап көрсетілді.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар