Қоғам • 11 Мамыр, 2020

«5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аспақ

5349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссияның отырысында тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа «5-10-20» ипотекалық несие беру бағдарламасын іске асыруды тапсырды.

«5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аспақ

«Елбасы ұсынған  «7-20-25» бастамасы ипотекалық несиелендіруге және тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді.  Тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа «5-10-20» ипотекалық несие беру бағдарламасын іске асыруды тапсырамын. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы қаражаттан 390 млрд теңге бөлеміз. Биыл елімізде 15 млн шаршы метр немесе 150 мың пәтер құрылысының рекордтық көлемі жоспарланған»,- деді Мемлекет басшысы.  

Президент одан бөлек «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде «Отбасы банкін» құруды тапсырды.

«Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Шын мәнінде, бұл – Үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Үкімет жыл соңына дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институты «Отбасы банкін» құруы керек, ол тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асырады» деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалануы мәселесі бойынша 1 шілдеге дейін бір шешімге келуді тапсырды.