Министрлік хабарлағандай, мұғалім жалақысына үстемеақы алып отырған қосымша міндеттері болса, онда бірқатар құжаттарды толтыруы тиіс. Айталық, мұғалім сынып жетекшісі болса, оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеп, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама мен оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. Сондай-ақ педагог жас маманның тәлімгері болып, сол үшін 17 мың теңгеге жуық үстемеақы алса, онда жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.
Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді. Ведомство бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Соның ішінде сынып жетекшісінің де қандай есепті тапсыруға міндетті екені белгіленді.
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30