Руханият • 11 Мамыр, 2020

Майдангер суретшілер мәңгі есте

589 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған виртуалды көрме ашылды. Аталған көрмеге қазақстандық және кеңестік суретшілердің соғыс тақырыбындағы таңдаулы туындылары қойылған. Қазақстан бейнелеу өнері, сондай-ақ Шетел өнері қорының кескіндеме, графика және мүсін шығармалары тақырыпты аша түскен.

Майдангер суретшілер мәңгі есте

 – Күн өткен сайын Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер тарихқа айналып, мерекелік саптағы ардагерлер қатары да азайып барады. Жылдар жылжып жатыр, өкінішке қарай, ардагер суретшілерден санаулы ғана қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан Суретшілер одағының 50-ден астам мүшесі майданға аттанып, олардың кейбірі жараланып, жүйкелері зақымданды. Ал, суретшілердің көбісі Отан алдындағы борышын өтеп, майдан даласында қаза тапты. Алайда, олардың өнері  өздерінің туындыларында өмір сүруді жалғастыруда. Майданда қаза тапқандарды біз құрметпен еске аламыз. Олардың арасында Л. Гербановский (1912-1944), Е. Евдаков (1913-1941), Д. Елькин (1907-1941), А. Заковряшин (1899-1945), А. Ильин (1915-1941) және А. Ташбаев (1915-1941) бар, – дейді өнертанушы Самал Мамытова.

Көрмеде өздерінің әскери міндетін адал өтеп, ұрыста көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін медальдармен және ордендермен марапатталған, көпшілігі жарақат алған суретшілердің еңбектері орын алған. Олардың үлесіне тиген соғыстың сұрапыл күндері мен қиын-қыстау жағдайларды баяндайтын соғыс тақырыбы бейбіт өмірге араласқаннан кейін ұзақ уақыт бойы олардың шығармашылығынан орын алды. Олар көргендері мен басынан кешкендерін қағазға түсіруді болашақ ұрпақ алдындағы борышы деп санады. Дегенмен де, соғыс олардың туған өлкесінің табиғаты мен бейбіт өмірдің сұлулығына деген құштарлықтарын арттыра берді. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық суретшілердің тізімі төмендегідей:

Әжиев Ү., Александров Н., Андриюк П., Антоненко П., Баранов К., Бондаренко И., Гаев Н., Гербановский Л., Горовых А., Данилов П., Дмитриев В., Дроздов А., Евдаков А., Елькин Д., Есіркеев Р., Заковряшин А., Иляев Г., Ильин А., Калачев Д., Қанапиянов Ж., Квачко И., Кенжебаев Ш., Колоденко В., Кузнецов К., Мариковский П., Молданиязов Е., Мейірманов Р., Наседкин Н., Нұрмұхаммедов Н., Петько И., Попов П., Пономаренко Г., Плюхин К., Рахимов Х., Реченский П., Сизинцев А., Стадничук И., Степанов А., Столяров С., Ташбаев А., Тимофеев Н., Тканко В., Өскенбаев М., Оразаев Ы., Федоров Л., Хайдаров Ә., Қожықов Қ., Цивчинский Н., Чекалин Б., Шереметьев Г., Школьный А., Шнейдерман Ю., Яковлев Н.

а

Виртуалды көрмеде, оның ішінде Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Шетел өнері қорынан туындылар, Балтық жағалауы, Беларусь, Украина, Орта Азия, Ресей – Кеңес республикаларының кескіндеме және графика туындылары да ұсынылған.

Бұл ұмытылмас уақыттың оқиғаларын жеке басынан өткерген, ұрыстарға қатысқан, өмір бойы Ұлы Отан соғысы жылдарын сезінген және есіне сақтаған бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары ерекше құнды. Олардың ішінде: Глазунов  И., Ресей (КСРО Халық суретшісі), Васин В., Ресей (РСФСР Еңбек сіңірген суретшісі, ҰОС қатысушы), Кунца Р., Литва, Таңсыкбаев О., Өзбекстан (КСРО халық суретшісі), Урбанавичюс Э., Литва, Алексеев А., Ресей (РСФСР Еңбек сіңірген суретшісі, ҰОС қатысушы), Бибиков В. Ресей (РСФСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҰОС қатысушы), Горелов Р. Ресей (ҰОС қатысушы), Дударенко Л., Белоруссия және басқалары. 

Соғыс жылдарындағы көркем әлемде графика өнеріне ерекше орын берілді. Үгіт-насихат пен патриоттық плакаттар, көмірмен немесе қарындашпен салынған суреттер  халыққа дем беретін, шабыттандыратын және жанашыр болған барлық азаматтардың, әскерилердің бет-әлпетін, жауынгерлік көріністерге жылдам жауап қайтаруға және суреттеуге мүмкіндік береді. Васильев О. «ҰОС күндері» (1957), А. Алексеевтің «Мәскеу 1941» топтамасының графикалық парақтары, Р. Гореловтың «Кремль шабуылы» (1957), В. Линкор Бибиковтың Оңтүстік айлақтағы «Севастополь» (1947) ауыр соғыс шайқастары бейнеленген. Суреттер соншалықты шынайы болғандықтан, көрермен зеңбіректердің жарылысы мен шайқасып жатқандардың дауысын ести алады. Суретші Д. Дмитриевтің «Азамат соғысына» (1957) автобиографиясы және А. Алексеевтің «Шығарып салу» (1967)  – майданға аттанған сарбаздардың үй-ішілерімен қоштасуының лирикалық көрінісін жеткізеді.

Соғыс жылдарының тарихи жадын сақтау, бұл әрқайсымыздың борышымыз, қиын кезеңдегі оқиғалардың шежіресі, бүгінде кинематографияда, фотоматериалдарда және әрине соғыс батырларының портреттерін мәңгілікке қалдырған суретшілердің туындыларында, шығарма авторын алаңдатқан сезімдер мен ойлар сол қиын кезеңнің деректі куәгері болып қалады. Бірақ, көктеммен бірге әр үйге, әр отбасына Жеңіс күні келеді. Бүгін біз соғысқа арналған суретшілердің туындыларына қарап, оларды жасаған адамдар мен олардың кімдерге арналғаны туралы ризашылықпен ойлаймыз, өйткені бұл туындыларда Отан бейнесі, батыр халықтың бейнесі барлық қырынан пайда болады.

 

АЛМАТЫ