Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алматының қызметке кірісетін кәсіпорындарды түгел тексеруге әлеуеті жете ме?

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері төтенше жағдай мен карантин режимін ажырата алмай жүргендер әлі де жеткілікті. Сондықтан да біртіндеп  іске қосылатын кәсіпорындар мен Алматы облысынан Алматы қаласына қатынап істейтін шаһар іргесіндегі тұрғындар тарапынан сұрақ көп.

Алматының қызметке кірісетін кәсіпорындарды түгел тексеруге әлеуеті жете ме?

Ал осы мәселеге орай өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті. Мегаполисте карантиндік режим сақталатынын айтты. Тиісінше, барлық блок-бекеттер жұмыс істейді, аймақ бойынша қозғалу шектеулі. Сонымен қатар, облыстан жұмыс күшін тартуға рұқсат етіледі.

«Басты шарт: қызметі рұқсат етілген кәсіпорындарға ғана бекеттер арқылы Алматыға өз қызметкерлерін жұмысқа тартуға рұқсат етілген. Олар қолданыстағы алгоритм бойынша тіркеуден өтуі қажет», – деп түсіндіреді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ спикер 12 мамырдан бастап InfoAlmaty.kz веб-сайты арқылы қызметкерлерді тіркеуге өтініштер қабылданатынын жеткізді.

«Бұрынғыдай, бізге олардың ЖСН және көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері қажет. Тіркеу және мақұлдау алғаннан кейін, блок-постарда, жеке куәліктердегі штрих-кодтар арқылы полицейлер жол жүруге рұқсат беретін болады. Біз кәсіпорындарға өз қызметкерлеріне экспресс-тест және ПТР-тест жасауға кеңес береміз, себебі бұл олардың мүддесі үшін. Өйткені, оларды жұқтыру анықталған кезде бизнес жабылатын болады», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, ол стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметкерлері арасында іріктемелі экспресс-тест жүргізілетінін атап өтті.

Сұлулық салондарының қызметіне тоқталатын болсақ, әкім орынбасары атап өткендей, олардың барлығы тексеруден өтуі керек.

«Қала бойынша барлығы 2 мыңнан астам адам бар. Біз асықпаймыз, бізде қызметкерлер саны жеткілікті, әрбір ауданда жұмыс комиссиялары жұмыс істейді. Біз алдымен өтінімдерді қабылдап, аудит жүргіземіз. Комиссия олардың сәйкестігін тексергенде және барлық нормалар мен бизнес процестерді мақұлдағанда, содан кейін олар сайтта тіркеуден өтіп, өз қызметкерлерін қала маңынан жұмысқа тарта алады», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

 

 

 

АЛМАТЫ