Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялауда 11 мамырда 65 бригада жұмылдырылып, 4 904 мың шаршы метр көше және 535 мың шаршы метр тротуар, 223 контейнерлік алаң және 1 078 контейнер өңделген. Оған 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:
- 153 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);
- 975 жол жұмысшысы (оның ішінде 124 дезинфектор).
540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 15 364 мың литр).
Сонымен қатар 1012 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1150 тоннаны құрады.
12 мамыр күні жоспарлы жұмыстар:
- 160 бірлік арнайы техника (оның ішінде 82 бірлік дезинфекцияға);
- 960 жол жұмысшысы (оның ішінде 125 дезинфектор).
Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылып отыр.