Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Елімізде контейнерлік тасымалдау көлемі ұлғайған

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 89%-ды құрап отыр. Бұл туралы жауапты ведомства өкілдері хабарлады.

Елімізде контейнерлік тасымалдау көлемі  ұлғайған

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында жолаушылар автобус тасымалдары, оның ішінде қалалық жолаушылар автобус тасымалдары, жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды.

Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетті.

Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 211,6 мың жиырма фунттық баламаны құраған. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25 %-ға артқан.