Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алматы: 26 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

189 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін мегаполисте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңадан расталған 26 жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 1622 Covid-19 жағдайы тіркелді.

Алматы:  26 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Аталған жағдайлардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантинде болған адамдардан анықталды. Бұған дейін олар вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Аталған жағдайлардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантинде болған адамдардан анықталды. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақталды. Соңғы күндері Covid-19 вирусына оң нәтижелер тек карантиндегі адамдардан анықталып жатыр. Жаңа жұқтыру ошақтары жоқ.

Стационарларда коронавирустық инфекциядан 1145 адам, провизорлық госпитальдарда 404 азамат емделуде, карантинде – 329 адам және үйде оқшаулауда 15 327 азамат бар.

Стационарлардағы Covid-19  вирусы бар 33 емделушінің жай-күйі – ауыр, 237 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда симптомсыз жеңіл түрде өтуде. Қазіргі уақытта Алматы қаласында ӨЖЖ аппаратымен емделіп жатқан науқастар да, жай-күйі аса ауыр дәрежедегі науқастар да жоқ. Алматыда аталған вирустан емделіп жатқан адамдардың басым көпшілігінде, дәлірек айтқанда науқастардың 77%-ында бұл сырқат жеңіл түрде өтіп жатқанын, яғни халықаралық тәжірибеге сәйкес олар емдеуді қажет етпейтіндігін және вирусты тікелей тасымалдаушы болып табылатындығын еске саламыз.

Бұл емделушілерге қатысты, егер үйдегі карантинге оларда тиісті жағдайлар жасалған болса, онда оларды үй карантиніне жіберу мәселелері қаралатын болады, егер тиісті жағдай жасалмаған болса, онда карантиндік стационарларда болады.

Мысалы, қазіргі уақытта Алматыда ауруы жеңіл түрде жүріп жатқан 68 медицина қызметкері үй жағдайында өзін-өзі оқшаулау жолымен емдеулерін аяқтауға ауруханадан шығарылған.

Үйде емдеу толық оқшаулау және пациенттің жай-күйі туралы тұрақты есеп беру жағдайында өтуі тиіс, кез келген өзін нашар сезінген жағдайда дереу дәрігерді шақыру қажет болады. Тіпті, егер пациент үйде емделуге қалдырылса да, бұл оның жай-күйін бақылауды тоқтату дегенді білдірмейді, ол қоңырау шалу арқылы емхана қызметкерлерінің күнделікті бақылауында болады. Бұдан басқа, олар үйден шықпауға міндеттенетіні туралы ақпараттандырылған келісімге қол қояды. Симптомдарсыз тасымалдаушыларда коронавирустық инфекция анықталған жағдайда, пациент клиникалық тексерулерден өтіп, 3 күн бойы бақылауда болады және емдеуге жатқызылады, содан кейін ғана үй карантиніне жіберілетіндігін ескеру қажет. Кеше коронавирустық инфекциядан сауығып, 38 адам емдеуден шығарылды. Жалпы мегаполисте емделіп, жазылғандардың саны 468 адамға жетеді.

Мегаполисте жалпы вирус жұқтырғандар ішінен сауығып шыққан емделушілер саны бүгінгі күні 29,0%-ды құрайды, ал үй карантиніне шығарылғандарды есепке алғанда 33%-ды құрайды.