Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Ақтөбе әуежайынан ішкі рейстер ұшырыла бастады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көліктегі тауарлар мен қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Бақыт Жұмағалиев аймақта шектеу шаралары жеңілдетілсе де, санитарлық талаптар күшейтілсе де, Ақтөбе әуежайында санитарлық талаптар күшейтіле түсетіндігі жеткізді.

Ақтөбе әуежайынан ішкі рейстер ұшырыла бастады

Азаматтар арасындағы ара қашықтықтың сақталуы және жолаушылардың жол жүру құжаты мен денсаулығы туралы анықтама көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, ал, шығарып салушылардың ғимарат ішіне кіруіне тыйым салынады.

–Ақтөбе әуежайы ішкі рейстерді қабылдауға дайын. Онда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар жасақталды. Қауіпсіздік мақсатында әуежай алдында дезинфекциялық туннель орнатылды,–дейді егемен.кз тілшісіне «Ақтөбе» халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Құсыман.

Қазіргі күні Ақтөбе әуежайынан «Қазақэйр» әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан-Ақтөбе» және «Алматы-Ақтөбе» рейстері ұшырыла бастады. Соның ішінде «Нұр-Сұлтан-Ақтөбе» рейсі екі ортаға аптасына алты рет қатынайды.