25 Қыркүйек, 2013

Жаһандық және ұлттық мүддені ұштастырған форум

363 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондай-ақ «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дін­ара­лық форумының рөлі» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Бұл жаһандық ауқымдағы шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыр­күйекте шақырылған, алғашқы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып отыр.

Съездің жұмыс органы болып табылатын Хатшылықтың ХІІ отырысы барысында 2012 жылы мамырда өткен Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшылары ІV съезінің қо­рытындылары бойынша пікір алмасылады. Отырыстың күн­ тәртібіне сондай-ақ Съезд Хат­шылығының дінаралық және өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі халық­ара­лық құрылымдармен ынты­мақ­тастығы мәселелерін шығару да жоспарланған. Қатысушылар, сонымен қатар, 2015 жылы өтеді деп күтіліп отырған V Съездің тұжырымдамалық және ұйымдастыру мәселелері бойынша да пікір алмасатын болады.

Халықаралық деңгейдегі ауқымды басқосуға Хатшылық басшысы – Қазақстан Республи­ка­сы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми төрағалық етіп, Хатшылық мүшелері, яғни әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері қатысады.

«Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дін­аралық форумының рөлі» тақырыбындағы ха­лық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференция Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық форумды өткізу туралы идеясының тарихи маңызын ғылыми тұрғыда зерделеуге ықпал ететіні күмәнсіз.

ERA 4028

МаемеровБЕРЕКЕ МЕН БІРЛІККЕ БАСТАҒАН БАСҚОСУЛАР

«Бақыт, қайда барасың?»

Кез келген кезеңде адамзаттың өмірі имандылыққа, рухани құндылықтарға, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе, сол қоғамда қасіретті жағдайлар орын алып, адам арсыздық пен абыройсыздыққа ұшырайды. Біз мұны тарихтан жақсы білеміз. Бүгінгі алмағайып заманда, сананы тұрмыс билеген дәуірде адамдар арасында бауырмалдық, мейірім, кішіпейілдік, өзара түсіністік сынды асыл қасиеттердің шынайы көрініс табуы аса қажет.

Алла тағала қасиетті Құранда: «Күмәнсіз, мұсылмандар бір-біріне бауыр», – деп баяндайды (Хужурат сүресі, 10-аят). Дана халқымыз: «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», – дейді. Ұрпаққа ұлағатты сөз қалдырған Абай атамыз: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос», – деп адамзатты бауырмал болуға үндеген.

Иә, бүгінгі қоғам қайырымдылыққа, мейірбандылыққа мұқтаж. Қатыгездік, өшпенділі к, алауыздық ешкімді жақсылыққа жетелеген емес. Ендеше, ұлы Алланың бізге берген шексіз нығметтерінің бірі – бейбіт заманымыздың қадірін сезініп, бағалай білуіміз қажет. Өйткені, бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз.

Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланы бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, шапқан тұлпардың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын жерді сақтап қалды. Бұл – Тәңірдің тартуы, шексіз рақымы екенін еш ұмытпауымыз керек.

«Заман күнде өзгереді, ал еліміз бен дініміз – мәңгілік»

Жаратқанның кешегі текті бабалардың жалғасы болған, тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын Елбасын тағайындап беруін тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз жөн.

Елбасымыз еліміздің өркендеуіне, мығым мемлекет болып қалыптасуына ерен еңбек сіңіріп келеді. Қол жеткен жетістіктердің бір саласы – діліміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің, ұлттық болмысымыздың қайта жандануына, әрі қарай дамуына қосқан үлесі де үлкен.

«Заман күнде өзгереді, ал еліміз бен дініміз – мәңгілік», – деген қағиданы ұстанған Елбасы асыл дініміздің жанашыры. Президентіміз материалдық бай-қуаттылықпен бірге рухани байлықты да басшылықа алып, өзгеге өнеге, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ел игілігіне тілектес болуға шақырады. Еліміздегі сауапты да салауатты іс-шаралар Елбасының қолдауымен жүзеге асуда.

Жаңа мыңжылдықтың басында, 2001 жылы қыркүйек айында дүние жүзін дүр сілкіндірген лаңкестік әрекеттен кейін әлемдегі алпауыт елдер Ислам дінін жаппай айыптап жатқан кезде Н.Ә.Назарбаевтың байыпты да парасатты сөздері талай жұртты сабасына түсіріп, келелі ойға шақырды. Пәтуалы пікірден даурықпа сөз озып тұрған сол тұста Президентіміз: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы емес, Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді», – деді.

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел басшылары ежелден елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

«Ізгі істерге көмектесіңдер...»

Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Соның ішінде өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.

Қасиетті Құранда: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, жаулыққа жәрдемші болмаңдар. Құдайдан қорқыңдар, оның қаһары, тегінде, тым қатал» («Маида» сүресі, 2-аят), деп Алланың тура жолымен жүруге, иман мен ізгілікке шақырып, жамандық атаулыдан сақтандырады.

Діннің халықтарды ынтымаққа, бірлік пен татулыққа тәрбиелеудегі рөлі орасан зор. Дін – мемлекеттің рухани таянышы. Дінді жамылып, оның қуатын жеке мүддеге пайдаланып жүргендердің жөні басқа.

Дін – әлем халықтарын жалпыға ортақ құндылықтарды қастерлеп, жамандықтан тосып, жақсылыққа шақырып, өзара түсінісіп өмір сүруге үндейді. Елбасымыз діннің қоғамдағы маңызды рөлін ескеріп, әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының келелі кездесуін өткізуге ұйытқы болып келеді. Сарыарқа төсінде, қазақтың жаңа Астанасы, бас қаламыз – елордада өтіп келе жатқан дін қайраткерлерінің басын қосқан құрылтайдың, берекеге бастайтын басқосудың бергені де, берері де мол.

Жақсылыққа жұмылдырған жиын

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністік туралы келісімі, қабылданған қарарлар мен уағдаластықтар осы саладағы ортақ мәселелерді бірігіп шешуге, халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Құрылтай жұмысына қатысқан діннің беделді өкілдерінің өзара бірлік туралы сөз қозғауы – үлкен жетістік.

Құрылтайға қатысушылар дінаралық, ұлтаралық қарым-қатынаста күш көрсету, тілге, дінге, нәсілге бөліну, ұлтын кемсіту, лаңкестік әрекеттерді болдырмау сынды бірқатар кезек күттірмейт

Соңғы жаңалықтар