Руханият • 13 Мамыр, 2020

Майдангерлерге – «Тағзым» аллеясы

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жиырма жыл бұрын ашылған «Жеңіс» саябағы бар. Енді сол саябақта «Тағзым» аллеясы ашылды.

Майдангерлерге – «Тағзым» аллеясы

Жеңістің 75 жылдығына орайлас­тырылған бұл шара облыс әкімі Махамбет Дос­мұхам­бетов пен Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қаты­суымен өтті. Аллеяның құрылы­сын жүргізуге облыс пен қа­ла әкімдіктері бастамашы бо­лып­ты. Мұнда  Екінші дү­ние­жүзілік соғыста Кеңес Ода­ғының Батыры, «Даңқ» орденінің толық  иегері атанған майдангерлерге 14 бюст қойылды. Олардың қатарынан Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова мен «Даңқ» орденінің тағы бір толық иегері  Сақап Қызыловтың есімі орын алды. Бюст қоладан құйылып, тұғыртасы  граниттен жасалыпты.

– «Жеңіс» саябағы әр жылдары Жеңіс күні қарсаңында жаңартылып келеді. Биыл саябақтың аумағы кеңейтіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Саябақтың жанына 1000-ға жуық алма ағашы отырғызылды. Енді 3800 шаршы метр газон төселуде, – дейді Атырау қаласының  әкімі Қай­рат Оразбаев.

Ал «Тағзым» аллеясына  жергілікті кәсіпкерлер демеу­ші­лік жасады.