06 Сәуір, 2010

ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІККЕ МҮДДЕЛІЛІК

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5 сәуірде Ақордада республика Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Дэвид Петреуспен кездесу өткізді, оған Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд қатысты. Келіссөздер барысында сұхбаттастар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы, сондай-ақ өзара мүдделілік туғызатын мәселелердің бүкіл жиынтығы бойынша екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту қажеттігі атап көрсетілді. Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қанағатпен атап өтіп, белсенді үнқатысуды ұстану ниетін жақтаған пікір айтты.