25 Қыркүйек, 2013

Кеңесші органның кезекті отырысы

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалық етуімен ұлттық және халықаралық ҮЕҰ, министрліктер мен ведомстволар, Жоғарғы Сот, сондай-ақ Парламент өкілдерінің қатысуымен «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» консультативтік-кеңесші органының (ККО) төртінші секторлық отырысы өтті.

 

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалық етуімен ұлттық және халықаралық ҮЕҰ, министрліктер мен ведомстволар, Жоғарғы Сот, сондай-ақ Парламент өкілдерінің қатысуымен «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» консультативтік-кеңесші органының (ККО) төртінші секторлық отырысы өтті.

Қатысушылар Қазақстандағы адам құқықтарының мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстан Рес­пуб­ликасында адамның өмір сү­ру құқығын қамтамасыз ету са­ла­сындағы халықаралық міндетте­ме­лерді орындауы және келешек­те өлім жазасын толықтай жою, Қазақстан Республикасының азап­тауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауы мәсе­лелері қаралды.

Төртінші отырысты аша отырып, Үсен Сүлеймен Қазақстанның сая­си жүйесінің дәйекті дамуына ұсынымдар тізбесін жи­нақ­тауға мүмкіндік берген азаматтық қоғамның, атқарушы, заң шы­ғарушы және сот билігі өкіл­дерінің жұмысына жоғары баға берді.

ККО ұсынымдарын қарас­тыру нәтижелерінің аралық қоры­тындысын шығара келе, Ерек­ше тапсырмалар жөніндегі елші Қазақстан Үкіметі демократия­ны, заң үстемдігі мен адам құ­қықтарын дамыту саласындағы 30 пайызға жуық зерттемелерді қабылдағанын атап өтті. Сонымен қатар, алғашында ККО тетігі ҚР құқық қорғау жүйесін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуды көздегендіктен, мұндай нәтиже барлық басым болжамдардан асып түскенін атап көрсетті. Бүгінде ККО Үкіметке ұсынымдарды әзір­лейтін тетік қана емес, сонымен бірге, мемлекеттік құрылыс бойын­ша Астананың жұмысында оларды жүзеге асырудың тиімді жетекшісіне айналды.

Отставкадағы Жоғарғы Сот судьясы, заң ғылымдарының док­торы Раиса Юрченко мен «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғам­дық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орын­басары әділет полковнигі Жа­нат Кешубаев және «Адам құ­қық­та­ры­ның мониторингі орта­лы­ғы­ның» директоры Ардақ Жан­әбі­ло­ва негізгі баяндамашылар ретінде сөйледі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар