Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Елордалық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай алады?

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ШОБ нысандарына қаржылай қолдау көрсету үшін мемлекеттік және жергілікті бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарламалар туралы Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті қорғау басқармасында айтып берді деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Елордалық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай алады?

«Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында салалық шектеуге қарамастан (тек сауда саласынан басқа) келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

– екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялармен берілген қаржылық лизинг шарттары, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

– банктік қарыздар бойынша жартылай кепілдік.

Сауда субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыруға 100 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде субсидияланған несиелер ғана ұсынылады.

Бағдарлама аясында шағын және орта бизнеске несиелер екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемемен (НБ базалық ставкасы + 5%) 7 млрд теңгеге дейін беріледі. Оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Сондай-ақ 1 млрд теңгеден аспайтын несиелер бойынша 85% кепілдік қарастырылған.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында:

– жылына 6% ставкасымен 8 мың АЕК дейін несие беру;

– 85%-ға дейін несиеге кепілдік беру;

– жаңа бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 200 АЕК дейін мемлекеттік грант беру.

Сондай-ақ «Астана бизнес-2» несиелендірудің өңірлік бағдарламасы жұмыс жасауда. Оның аясында салалық шектеусіз, бастаушы кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге жылдық 8,5%-бен 100 миллион теңгеге дейін несие беріледі.

«Толық ақпарат алу үшін Мәңгілік ел даңғылы, 55А мекен-жайында орналасқан «Даму» КҚК» АҚ және Қошқарбаев көшесі 29 мекен-жайындағы «iQala» қалалық қызметтер орталығына жүгінулеріңізді сұраймыз» делінген инвестициялар және кәсіпкерлік дамыту басқармасының хабарламасында.