Коронавирус • 13 Мамыр, 2020

Қазақстандық дәрігерлер Қытайға барады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты.

Қазақстандық дәрігерлер Қытайға барады

«Денсаулық сақтау министрінің ҚХР Елшісімен соңғы кездесуі барысында Қытай Денсаулық сақтау министрінің ұсынысымен Қазақстан мамандарын сол елде тәжірибе алмасуға жіберу мәселесі көтерілді. Осы бағытта бағдарлама мен баратын мамандар тізбесін жасап жатырмыз. Қытайға тәжірибе алмасуға баратын медицина мамандарына жұмсалатын шығынды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті мекемелер төлейді», - деді Сержан Айдосов «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасы барысында.

«Бұған қоса, еліміздің Сыртқы істер министрлігінің де үлкен көмегі болады. Олар бізге қолдау көрсетіп отыр. Жалпы, мамандарымыздың қашан баратыны туралы нақты жоспар жоқ. Бірақ, 2-3 аптаның ішінде анықталады. Олар Бейжің қаласына барады деп жоспарланған»,- деді Сержан Айдосов.