Медицина • 13 Мамыр, 2020

Ханс Клюге Қазақстан телеарналарының біріне сұхбат беруге ниетті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюгенің отандық телеарналардың біріне сұхбат беруге ниетті екенін айтты.

Ханс Клюге Қазақстан телеарналарының біріне сұхбат беруге ниетті

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге Қазақстан телеарналарының біріне сұхбат беруге ниетті. Бұл ұсыныс Ханс Клюгенің тарапынан болды. Ол біздегі қолға алынған шаралар жөнінде өзінің көзқарасын білдіргісі келетінін айтты. Ханс Клюге сұхбат беруге дайын. Осы аптаның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып, Хабар-24 немесе басқа республикалық арнамен келісімге келеміз» деді ол.

Бұдан бөлек ол коронавирус індетімен күресте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинвальдің еңбегін атап өтті. Оның сөзінше, ДСҰ-мен бірігіп бірнеше жоба жүзеге асуда. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинвальдің қатысуымен күніне үш-төрт бейнеконференция жасаймыз. Ол жылдың басында жаңа басшы болып тағайындалды. Өте тәжірибелі маман. Осы вируспен күрес барысында бізге көптеген көмек беруде. Оның қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы әріптестерімізге вебинар-тренингтер өткіземіз. Бірігіп жүзеге асырылып жатқан бірнеше жоба бар. Соны бірі – «Науқастарды және олармен байланыс жасаған азаматтарды тексеру». Оны этикалық комиссияда анкеталарды санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіп, Қазақстанның барлық өңірінен науқастар жөнінде ақпарат жинап жатырмыз. Жоба іске қосылды. Бір айдан кейін жинақталған мәліметтерді сараптап, ДСМ-ге өз ұсыныстарымызды айтамыз» деді Сержан Айдосов.