Әлем • 13 Мамыр, 2020

«Хабар» арнасы «Евровидение» шоуын тікелей эфирде көрсетеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамырдың 16-сынан 17-сіне қараған түні сағат 01:00 тікелей эфирде «Хабар» арнасы «Евровидение: Europe Shine a Light» шоуын тікелей эфирде көрсетеді.

«Хабар» арнасы «Евровидение» шоуын тікелей эфирде көрсетеді

Дүниежүзіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Евровидение-2020» қалыпты форматта өтпейтіні бұған дейін белгілі болған.

Енді көрермендерді конкурстық жарыс принципінсіз өтетін ерекше шоу күтіп тұр. Шоу шеңберінде «Евровидениенің» әртүрлі жастағы жеңімпаздары мен биылғы өтпей қалған конкурс қатысушылары дүниежүзіне қолдау көрсету мақсатында өнер көрсетеді. Қатысушылар конкурстық композицияларының 30 секундтық фрагменттері мен «Love Shine a Light» жеңімпаз әнін орындайтын болады.

Жоба жүргізушілері – актриса әрі тележүргізуші Шанталь Янзен,  әнші Ян Смит және әнші Эдсилия Ромбли.