Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі шаһарда тағы да бір астыртын ойынхана анықталғанын хабарлады. Жедел іс-шара барысында «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде орналасқан ойынхананың жұмысы тоқтатылған.

Жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды

Тексеріс кезінде пәтерде ойыншылар мен қызмет көрсетуші жұмысшылар болған. Тінту барысында құмар ойынға арналған покер ойынының кейсі, ойын карталары, фишкалар және ақшалай қаражат тәркіленген.

«Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сол күні ойынханада болған азаматтарды қалалық полиция төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартты» делінген хабарламада.