Қазақстан • 13 Мамыр, 2020

Елімізде пойыздар қашан жүреді?

1880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 13 мамырда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы жауапты Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде пойыздар қашан жүреді?

Жолаушылар пойыздары халықтың сұранысын ескере отырып, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырыла бастайды. 

Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде: Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;

➖ Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;

➖ Қызылорда – Семей;

➖ Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;

➖ Қарағанды – Жезқазған;

➖ Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.
Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.