Әдеби челлендж аясында жас зияткерлер ақынның «Өмір» атты туындысын оқып, эстафетаны Алматыдағы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушыларына жолдады.
– Ақынның есімі де, оның терең ойлы жырлары да елімен бірге мәңгі жасай берері сөзсіз. Оның поэзия әлеміндегі дара қолтаңбасы бүгінде ұлт қазынасына айналды,- дейді 12-сынып оқушысы Дильназ Жақсылық.