Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Алматы: Қымбатшылық қыспаққа ала бастады ма?

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезең-кезеңімен ес жинап келе жатқан Алматы экономикасында нендей өзгеріс бар? Қалыпты өмірге қадам басуда «қымбатшылық қыспаққа алмай ма?» деген заңды сұрақ тұрғындарды көптен мазалап жүрген мәселенің бірі.  Әлеуметтік желі қолданушылары мегаполисте азық-түлік тауарларының бағасы күрт қымбаттап кеткенін жарыса жазып жатыр.

Алматы: Қымбатшылық қыспаққа ала бастады ма?

Мәселен қатардағы сұлулық салондарының иелері шаш қию қызметін әйелдерге - 4700, ерлерге - 2800 теңгеге дейін көтеріп тастаған.

«Тауарлардың жекелеген түрлеріне, сондай-ақ қызметтерге, оның ішінде салондарда қызмет көрсету бағаларының қымбаттауы - бұл кәсіпкерлерге байланысты. Яғни, нарықтық қатынас. Сондықтан кәсіпкер өз бағасын белгілеуге құқылы. Үкімет бағаны көтермеуге кеңес беруі мүмкін. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын реттейді. Екі ай бойы кәсіпкерлер жұмыс істемеді. Сондықтан олар бүгін жоғалтқан пайдасын өтеуге тырысуда», - дейді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті Артық Сейтқалиева.

Бағаның қымбаттау себебі сан алуан. Қанша жерден кәсіпкерлерді де түсінуіміз керек десек те, қарапайым халықтың да қалтасының қалың емес екенін ұмтпағанымыз жөн секілді. Бағаны қадағалау салғырт қарайтын мәселе емес.

 

АЛМАТЫ