Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Полицейлер еріктілерді марапаттады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режімі полицей, дәрігерлермен қатар еріктілер үшін де жауапты кезең болды.

Полицейлер еріктілерді марапаттады

Волонтерлер полиция қызметкерлерімен бірге түрлі рейдтік шараларға қатысты, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысты. Тосқауыл бекеттерінің басындағы полицейлер мен дәрігерлерге ыстық ас жеткізіп тұрды. 

Осыған байланысты облыстық Полиция департаментінде төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсеткен еріктілерге ІІМ министрі атынан марапат табыс етілді.

Шарада Ольга Чебакова, Олег Шакиев, Татьяна Косарева, Айсұлу Ерсайын, Салтанат Сауапова, Гүлім Мүңке секілді еріктілерге облыстық Полиция департаментінің басшылығы белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.