Сурет: Yonhap News/CGV Untouch Cinema
CJ-CGV Оңтүстік Кореядағы аса ірі кинотеатр желісі. Олар технологиялық жаңалықты коронавирус пандемиясы кезінде әр нәрседен сақтануды әдетке айналдырған көрермендерді өздеріне тарту үшін енгізген. Кинотеатр желісінің басшылығы тек қана роботтарды емес, автоматтандырылған киоскілер мен мобильді қосымшаларды да қолдануды ойластырып отыр.
Басылым берген мәліметке сәйкес енді көрермендер кинотеатрдың алдындағы кассада кезекте тұрмайды, оның орнына автоматтандырылған киоскілердің қызметін пайдаланады. Сондай-ақ, кафе территориясындағы қызметкерлерді роботтар ауыстырмақ. Арнайы мобильді қосымша арқылы берілген тапсырыстарды роботтар жеткізіп тұратын болады.
CJ-CGV кинотеатрлар желісі роботқа қызмет қылдырып қойған елдегі жалғыз компания емес. Мұның алдында Lotte Cinema кинотеатрлар желісі де осы тәсілге көшкен еді. Олар өздерінің 130 кинотеатрының 22-сін автоматтандырылған режимге ауыстырып үлгерді.