26 Қыркүйек, 2013

Қазақстан және әлемдік көрме

691 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұдан бұрын атап көрсеткеніміздей, Қазақстанның Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесіне қатысу дәстүрі бұдан кейін Испания Корольдігіндегі ЭКСПО-2008 – Сарагосада, Қытай Халық Республикасындағы ЭКСПО-2010 – Шанхайда, Оңтүстік Кореядағы ЭКСПО-2012 – Есуда жалғасын тапты. Алдын ала айта кететін болсақ, Испания Корольдігінде өткен осы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде әлемнің 104 мемлекетінің ішінде Қазақстан павильоны «С» категориясы бойын­ша үшінші орынды иеленіп, қола жүлдені жеңіп алған еді.

Expo-Zaragoza-2008-Pabellon-de-Aragon-520x478

 

Бұдан бұрын атап көрсеткеніміздей, Қазақстанның Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесіне қатысу дәстүрі бұдан кейін Испания Корольдігіндегі ЭКСПО-2008 – Сарагосада, Қытай Халық Республикасындағы ЭКСПО-2010 – Шанхайда, Оңтүстік Кореядағы ЭКСПО-2012 – Есуда жалғасын тапты. Алдын ала айта кететін болсақ, Испания Корольдігінде өткен осы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде әлемнің 104 мемлекетінің ішінде Қазақстан павильоны «С» категориясы бойын­ша үшінші орынды иеленіп, қола жүлдені жеңіп алған еді.

Expo-Zaragoza-2008-Pabellon-de-Aragon-520x478

DSCN5958

DSCN5207Үш ай бойы, яғни 2008 жылғы 14 маусым мен 14 қыркүйек аралығында Испания Корольдігінің Сарагоса қаласында ЭКСПО-2008 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрменің жалауы желбіреді. Сарагосада өткен көрменің 2005 жылы Жапонияда және 2010 жылы Қытайда өткен Бүкіләлемдік әмбебап жетістіктер көрмесінен ерекшелігі бар. Халықаралық көрмелер бюросының шешіміне сәйкес Бүкіләлемдік маман­дан­дырылған көрмелер әмбебап көр­мелердің аралығында жалпы ұзақтығы үш ай мерзімге және шектеулі аумақта (25 гектардан артық емес), белгілі бір тақырып шеңберінде ғана өткізіледі.

2008 жылы Испания Корольдігінде­гі Арагон автономиялық облысының астанасы Сарагоса қаласында өткізілген көрме нақ осындай мамандандырылған көрме болып табылады, оның басты тақырыбы «Су және тұрақты даму» деп аталды (сөз реті келгенде айта кететін болсақ, 2017 жылы Астана қала­сында өтетін көрме де осындай маман­дандырылған көрмелер қатарына жатады). Жарты миллионнан астам тұрғындары бар Сарагоса қаласы Испаниядағы өнеркәсібі дамыған елдегі көлемі жағынан алтыншы орынды иеленетін қала. Мұнда тұрғындардың және туристердің жоғары сұранысына жауап беретін көлік инфрақұрылымы дамыған. Эбро жазығы есте қалар ерте кезеңнен-ақ қоныс тебуге қолайлы мекен болып келеді. Көне арагон диалектикасында сөйлейтін иберий тайпалары бұл жерді біздің эрамызға дейінгі дәуірлерде мекендеген. Пиреней түбегі оларға сырттан келетін жаулап алушылар үшін қорған болды. Алайда, Рим императоры Августаның мұздай қаруланған әскері ақыры арагондықтардың әскерін талқандап, біздің эрамызға дейінгі 27 жылы осы жерде «Император Августаның қаласы» Сарагосаның іргетасын қалады. Күні бүгінге дейін Сарагоса қаласында Рим дәуіріндегі қорғандардың сұлбасын көруге болады.

Халықаралық көрмелер бюросының шешімімен 2008 жылы Сарагоса қаласы Бүкіләлемдік мамандандырылған көрме өткізу құрметін жеңіп алды. Дүниежүзілік байқауда Испанияның әлемдік бәсекеге ұсынған – «Су және тұрақты даму» тақырыбының маңыздылығы жеңіске жетудің негізгі себебінің бірі болды. Өйткені, ХХІ ғасырда су мәселесі әлемдік деңгейдегі қауіптердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда планетамыздың 1 миллиард 250 миллионнан астам халқы су тапшылығынан зардап шегуде. Көрмені өткізетін орын да лайықты таңдап алынған. Ол Эбро өзенінің тамаша жағалауында Сарагоса қаласының орталық алаңнан екі шақырым, ал негізгі темір жол стансасынан 300 метр қашықтықта орналасқан.

25 гектар аумақты алып жатқан көрме қалашығының жобасын әлемнің ең танымал авангардист-архитекторлары жасаған. Көрме қалашығының ауқымында Еуропадағы ең үлкен тұщы су аквариумы, өте үлкен цунами толқындарының көрінісі және басқа қиял-ғажайыпқа толы көріністер жасалынған. Көрмені ұйымдастырушылар өздері таңдаған «Су және тұрақты даму» тақырыбына жан-жақты дайындықпен келді. Мұнда су мәселесіне қатысты барлық тақырыптар қамтылған. Мәселен,

Соңғы жаңалықтар