Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Төлеби ауданының әкімі өзеннің арнасынан асуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Қасқасу өзенінің арнасынан тасуына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Төлеби ауданының әкімі өзеннің арнасынан асуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)

«Бүгін ауданның ауыл-аймағында қатты жауған нөсер жауынның салдарынан Қасқасу өзені арнасынан тасып, ауыл ішіндегі төрт көпірді шайып кетті. Леңгір қаласындағы бірнеше көшелерді су басты. Киелітас ауылдық округі Сұлтан Рабат елді мекеніндегі орталық Сауран көшесінің 150 тұрғын үйі бар бөлігіне су барып, жағдайды күрделендірді. Бірнеше үйдің ауласын, үй ішін су басқан. Қазір нақты қанша үйге су кіргенін және үйлердің жағдайын анықтап жатырмыз. Көше тұрғындарын эвакуациялап, Леңгір қалалық колледжінің жатақханасына орналастырып жатырмыз. Жұмысқа аудандық төтенше жағдай бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдігі бірлесе 180-ге жуық азамат пен 44 арнайы техниканы жұмылдырды. Аудандық әкімдік жанынан жедел штаб құрылды. Қазір жауын тоқтады, судың деңгейі де басылды. Тұрғындардың денсаулығына, өміріне қауып жоқ деп есептейміз»,- деді аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.

Еске салсақ, 13 мамыр күні сағат 17:05 шамаларында Төлеби ауданы, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. 4 тана және 4 қой суға кеткені хабарланған еді.