Коронавирус • 14 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Италия әуежайында дене қызуын арнайы шлемдер арқылы тексереді

228 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

14 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 347 018, өлім саны - 297 197, айыққандар саны - 1 548 547 адам болды (жаңартылған уақыты 10:12).

18:32

Италия әуежайында дене қызуын арнайы шлемдер арқылы тексереді

Италияның ірі әуежайы 7 метр қашықтықтан қозғалыс кезінде жолаушылардың дене температурасын өлшей алатын «ақылды» шлемді пайдаланып жатыр. Адамның инфрақызыл бейнесі мен оның дене қызуының көрсеткіштері құрылғының ішкі экранында, оң жағында көрініп тұрады, ал сол көз жағы бос тұрады. Аталған инновациялық шлемдерді қауіпсіздік қызметінің мамандары киіп жүреді. Осылайша, келіп жатқан, кезекте тұрған адамдарды байланыссыз тексере алады.

Еске сала кетейік, Италия карантин режимін біртіндеп бәсеңдетіп жатыр. Мұнда 18 мамырдан бастап барлар мен мейрамханалар ашыла бастайды. Бұл елде коронавирусты жұқтырғандардың жартысынан көбі сауығып шықты. Жалпы, 222 мың адам қауіпті вирусты жұқтырған болса, олардың 113 мыңға жуығы жазылып шықты. Ал вирустың кесірінен көз жұмғандар саны 31 106 адам.

f


10:35

Қытай Уханның әр тұрғынын тексермекші

Індеттің ошағы болған Қытайдың Ухан қаласында осы аптада вирус жұқтырғандар саны көбейді. Осыған байланысты қала билігі барлық тұрғынды тексеру туралы шешім қабылдаған. 

Жергілікті БАҚ тексерістің кеше басталып кеткенін айтты. Ең бірінші қауіпті топтағы адамдарға мән бәріледі. 

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының эпидемиологы У Цзунью Уханда эпидемияның екінші толқыны болады дегенге сенбейтінін айтты. 

«Соңғы үш айда біз коронавирустың таралуын тоқтатуда айтарлықтай тәжірибе жинадық. Анықталған бірнеше жағдайдың тағы бір эпидемия бастауына жол бермейміз»,- деді дәрігер.

Қытайда жалпы жағдай тұрақталғанымен, елдің солтүстігіндегі Ресей және Солтүстік Кореямен шекаралас провинциялардағы жағдай алаңдатып отыр.

в

Photo: Héctor Retamal/AFP via Getty Images


10:13

Дүниежүзінде 4 347 018 адам коронавирус жұқтырды.

297 197 адам қайтыс болды.

1 548 547 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 390 406 жағдай тіркелді, 243 430 адам сауығып шықты, 84 119 адам қайтыс болды.

Ресейде 242 271 жағдай тіркелді, 48 003 адам сауығып шықты, 2 212 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 230 985 жағдай тіркелді, 1 032 адам сауығып шықты, 33 264 адам қайтыс болды.

Испанияда 228 691 жағдай тіркелді, 140 823 адам сауығып шықты, 27 104 адам қайтыс болды.

Италияда 222 104 жағдай тіркелді, 112 541 адам сауығып шықты, 31 106 адам қайтыс болды.

ва


Ресей вирус көп тараған екінші елге айналды

Көршілес Ресейде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап артып келеді. Ресей АҚШ-тан кейінгі вирус ең көп тараған екінші елге айналды.

Соңғы тәулікте елде 10 028 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, Ресейде барлығы 242 271 жағдай тіркелген.

Ел үкіметі жағдайдың қиындығына қарамастан осы аптадан бастап карантин шараларын жеңілдете бастады.  

Коронавирус жұқтырғандардың көбі ел астанасы Мәскеуде тіркелген. Қала мэрі Сергей Собянин жағдайды бақылауда ұстау үшін Мәскеуде карантин шараларын мамырдың соңына дейін ұзартты.

Вирус жұқтырғандардың саны көп болғанымен, Еуропа елдерімен салыстырғанда қайтыс болғандардың саны төмен. 2 212 адам індеттен көз жұмған.

Өлім санының аз болуын ел билігі батыс Еуропаның сәтсіз тәжірибесін зерттеу арқылы алған сабақтың нәтижесі деп түсіндірді. 

Елде жасалған сараптама саны да жоғары, барлығы 6 миллионға жуық адамды тексерген.

Әлемде барлығы 4 283 885 жағдай тіркелді. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 293 157-ден асса, 1,5 млн адам індеттен емделіп шықты.

в


Коронавирус Африканың барлық елінде тіркелді

Африканың оңтүстігінде орналасқан Лесото корольдігі елде алғашқы коронавирус жұқтырған науқастың анықталғанын хабарлады. 

Енді Африка құрлығының барлық елінде коронавирус жұқтырған адам бар.

Денсаулық сақтау министлігі берген мәліметке сәйкес вирус Сауд Арабиясы мен көршілес Оңтүстік Африкадан келген 81 жолаушының біреуінен табылған.

Вирус жұқтырған Лесото азаматының Сауд Арабиясында білім алатыны белгілі.

Құрлықта вирус ең көп тараған ел Оңтүстік Африка мемлекеті болып тұр. Лесото оған көршілес орналасқандықтан 29 наурыздан бастап шекарасын жапқан. Өткен аптада ғана елдегі карантин режимі бәсеңдей бастаған екен.

п

Соңғы жаңалықтар