26 Қыркүйек, 2013

Дана шешім қашанда құрметке лайық

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиа­хол­дингінің президенті, «TV Sup­ren» телеарнасының бас дирек­торы Улиссес Риедельден хат­ келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиа­хол­дингінің президенті, «TV Sup­ren» телеарнасының бас дирек­торы Улиссес Риедельден хат­ келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Бірыңғай ғаламшар» қоғам­дық­ бірлестігіне де жетекшілік ете­­тін У.Риедель өз хатында 2013 жыл­дың 29 тамызында Қа­зақ­стан­ның Бразилиядағы ел­ші­лігінің ұйым­дастыруымен бүкіл әлем бо­йынша ядролық сынақтардың құр­бан­да­рын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсіміне қатысқаны туралы мә­лімдеген.

«Осы орайда, Сізді «АТОМ жобасы» жұмысының табыс­ты жүргізілуімен, сондай-ақ өз еліңіздің аумағында ядролық қаруды сынауды толық тоқтатуға бағытталған дана күш-жігеріңіз үшін шын жүректен құттықтауыма рұхсат етіңіз», – делінген хатта.

Автор ядролық қарусыздануға қол жеткізуге бағытталған мұн­дай науқанның аса маңызды еке­нін де атап өткен. У.Риедель мем­ле­кеттердің, халықтардың және нә­сілдердің бірлігін нығайту ар­қы­лы әлемдік, бауырластық және ын­тымақтастық өркениеттің моделіне ие болатынымызға тоқталған.

Хат соңында У.Риедель Мем­лекет басшысын «Бірыңғай ға­ламшар» бірлестігінің ақпарат­тар­ды тарату және бүкіл әлемде ядро­лық қаруды жою ісінде өзге де көмегін көрсетуге жан-жақты атсалысуға дайын екендігіне сендіреді.

Соңғы жаңалықтар