Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Атырау: Жүкті әйелге екі ота жасалды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы жүкті әйел  облыстық перинаталдық орталығына қосымша  ауруымен  жедел-жәрдеммен жеткізілген екен.

Атырау: Жүкті әйелге екі ота жасалды

Әйелдің денсаулығын тексерген  ақ халаттылар алдымен кесарь тілігі арқылы босандырып алды. Содан соң екінші бригада  жатыр мойнының қатерлі ісігіне ота жасады. Облыстық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы, акушер-гинекологы мен облыстық онкологиялық диспансерінің онкогинеколог мамандарының бірлесуімен жасалған ота екі сағатқа созылыпты.

–Әйел перинаталдық орталыққа жүктіліктің 37 аптасында түсті. Пациент салмағы  2,630 келі бойы 49 см қыз баланы дүниеге әкелді. Нәресте мен анасының жағдайы қанағаттанарлық. Отадан кейінгі қарқынды ем қабылдауда. Сәби паталогиялық бөлімшеге ауыстырылды, - дейді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушысы Асқар Кенжеғалиев.

Қазір бұл орталықтың арнайы әзірленген провизорлық бөлімшеcінде 8 жүкті әйелге медициналық көмек көрсетілуде.