Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Атырау: Азық-түлік қолжетімді бағамен сатылады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір орталығындағы супермаркет пен көтерме сауда базарларын аралап, бағаны жөнсіз өсірмеуді  тапсырды.

Атырау: Азық-түлік қолжетімді бағамен сатылады

Әкімнің  айтуынша, әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеудің нақты механизмі жасалып отыр.

–Атырау» ӘКК өңірдегі ірі сауда кәсіпорындарының бірі –  «Идеал Маркет»  ЖШС-не 400 млн  теңге несие бөлді. Тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес, «Идеал Маркет» әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің  15 түрін төмен бағамен  сатады. Аймақта бұл  сауда кәсіпорнының 36 супермаркеті бар. Оның 33-і нүктесі Атырау қаласында, үшеуі  Жылыой, Индер аудандарында орналасқан, - деді «Атырау»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент директоры Дмитрий Дю.

Оның мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер құрамында  күріш, қант, макарон өнімдері, қарақұмық, күнбағыс майы, сары май, нан, айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы, сиыр еті және басқа да өнімдер кіреді. Келер жылы тұрақтандыру қорына 915 тонна көкөніс (500 тонна картоп, 150 тонна пияз,  115 тонна сәбіз және 150 тонна қырыққабат)  жинақтау жоспарланып отыр.

1