Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Атырау: Әскерге 165 жас аттанады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отанды қорғау –әр азаматтың борышы. Атыраулық жастардың арасында әскерге баруға ниеттілер көбейді.

Атырау: Әскерге 165 жас аттанады

Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери құрылымдары қатарына  көктем мезгіліне берілген жүктемеге сәйкес, 662 адам әскерге баруы қажет. Карантиндік режим енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне ​ 35 ​ әскерге шақырылушы ​ аттаныпты.

–Енді 20-30 мамыр аралығында көктемгі әскери шақыртуға тағы да 165 адам барады. Оның ішінде ​ Қарулы Күштер қатарына​  95, шекара қызметіне 22, ​ ​ Ұлттық Ұлан сапына​  48 жас аттанғалы отыр, -деп хабарлады облыстық департаменттен.​