Қазақстан • 14 Мамыр, 2020

Көлік комитеті алғашқы тоқсан бойынша мәлімдеме жасады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары 28032 жүк автокөлік құралын (АКҚ) тексеріп, заң талаптарын сақтамаған 4231 көлікті анықтаған.

Көлік комитеті алғашқы тоқсан бойынша мәлімдеме жасады

Оның ішінде 219 шетелдік автокөлік құралы жол жүрудің рұқсат беру жүйесін бұзған. Осы кезеңде 827 көліктің шамадан тыс жүкпен жүруіне тосқауыл қойылып, 774 млн теңгеден астам алым және 198 млн теңге айыппұл өндірілген.

«46 шаруашылық субъектісі тексеріліп, 34 заң бұзушылық анықталды және 30 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2382 әкімшілік материал рәсімделіп, 30 млн теңгеге жуық сомада айыппұл өндірілді. Бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етіп отыр», деп мәлімдеді Көлік комитетінің баспасөз қызметі.