Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Атырау: Үндістанның 3 азаматы коронавирус «қармағына» ілінді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері Теңіз кенішінің жұмысшыларының қауіпті індетті жұқтыруы тоқтамай тұр. Өкінішке орай, бүгін  тағы да  25 жұмысшыдан коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Олардың үшеуі – Үндістанның  азаматы.  

Атырау: Үндістанның 3 азаматы коронавирус «қармағына» ілінді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, жұмысшылар тұрғылықты мекенжайына бара алдында арнайы тесттен өтіпті.  

-Қауіпті індет жұқтырған 25 науқастың бәрі – ер адам. Арасында Үндістанның 3 азаматы бар. Қазір науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Індет ошағында дезинфекция жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар дәрігерлер бақылауына алынды, - деп ақпарат таратты өңірлік жедел штаб.

Бүгін Атырау облысында қауіпті індеттің «қармағына» ілінген адамдардың саны 457-ге жетіп отыр. Ал, 127 адам коронавирусты жеңіп шықты.