Жұмыс тобының 42 отырысы өтті, 1 000-нан астам түзету қаралды, отандық және халықаралық сарапшыларды, ДДСҰ өкілдерін тарта отырып, 11 көпшілік талқылау өткізілді.
Елжан Біртанов вакцинация мәселесіне тоқталып өтті. «Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Кодекстің қабылдануына қарсы талқылаулар жүргізіліп жатыр, соның ішінде сапасыз вакциналар, жосықсыз сатып алу мен вакциналарды дұрыс тасымалдамау, медициналық қиындықтар және вакцинадан бас тартушылар санының көптігі туралы шындыққа жанаспайтын әңгімелер айтылуда. Бұл қоғамдық сананы ашық түрде манипуляциялау!
Қазақстанда Вакциналау мәжбүрлеп жүргізілмейді, олай болған да емес! Бүкіл әлемдегі секілді біздің елімізде де ерікті түрде салынатын және міндетті вакциналар болады. Әр жағдайда ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі немесе вакцинациядан бас тарту құқығы бар! Екпе алмаған балалар құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ! Ұжымдық иммунитетті, яғни балабақшаларға баратын барлық балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін бір ғана норма бар.
Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы бізде 4 841 334 балаға вакцина салынды, оның ішінде 6 003 балаға ғана салынбады (бас тарқан). Ал бұл тек ‒ 0,12%. Асқыну фактілеріне тоқталсақ, 2019 жылы екпе егілген 4 841 334 баланың ішінде тек 143-інде ғана жағымсыз белгілер байқалды (температураның көтерілуі, ісіну, терінің қызаруы), бұл ‒ 0,003%! Сонымен қатар Қазақстанда 2019 жылы вакцинадан қайтыс болған балалар тіркелмеген.
Сандар бәріне дәлел. Айта кету керек, Қазақстанда әрбір вакцина тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкес келетін қауіпсіздікке, тиімділігіне және сапасына көп сатылы тексеруден өткізіледі», — деп нақтылады Е. Біртанов.
Елжан Біртанов әрбір вакцинаның қауіпсіздігін анықтау үшін бірнеше сатыдан тұратын тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Министр атап өткендей, бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір заң осындай ашық әрі ауқымды талқылаудан өтпеген. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:55
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15