Бұл туралы бүгін өткен онлайн-брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлім етті.
Тергеушінің айтуынша, қазір бөлім бастығы мен агенттік риэлторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлім бастығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрмысы төмен отбасыларға уақытша қоныстануға берілетін пәтерлерді жеке тұлғалардан сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу шарттарын кедергісіз жасап бергені үшін риэлтордан 800 000 теңге заңсыз сыйақы алған. Сөйтіп, параны алған мемлекеттік қызметші де, параны берген риэлтор да тұтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кінәсін толық мойындағандықтан күдіктілерге қатысты ұстау шарасы қолданылмаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешім сот отырысында белгілі болады.
Қостанай облысы