Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Ақмолада жаттықтырушылар жұмысын жалғастыруға дайын

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елдегі төтенше жағдайға байланысты жеке кәсіпкерліктің жартысынан астамының  қызметіне шектеу қойылғаны белгілі. Кейбірі қашықтан жұмыс істеуге көшті. Ал спорт саласы жұмысын біржола тоқтатты. Ендігі кезекте жекелеген жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың жұмысы қалай жандануда. 

Ақмолада жаттықтырушылар жұмысын жалғастыруға дайын

Жүзу орталығының жұмысы карантин жарияланған күннен-ақ тоқтады. Екі айдан бері ұжым жаттығуға келетін балғындар мен сүйікті істерін тағатсыздана күтуге мәжбүр болды. Бұдан бөлек, коммуналдық қызмет пен жалдау ақысы, жаттықтырушылардың жалақысы тағы бар. Аква жаттығуларды үйде отырып, онлайн түрінде орындауға әсте мүмкіндік жоқ.   

–Инстаграмм желісі жарылуға шақ қалды. Жаттықтырушылар жұмысқа кірісуге әзір. Жұмысты біртіндеп бастау үшін кезең-кезеңге бөліп тастадық. Алғашында  бассейнде бір жаттықтырушы және екі бала болады. Бала саны бұдан аспайды. Егер нысанның жалдау құнын қымбаттатпаса, жаттығу бағасы сол күйінде қалады,–дейді жаттықтырушы Дина Усина.

Әділ Абай жүзуден жаттықтырушы. Ол бес жасқа дейінгі балаларды жаттықтырады. Карантин кезінде балалармен телефон арқылы үнемі байланыста болды. 

–Жаттығуды біртіндеп қайта бастаймыз. Ата-аналардың кейбірі карантиннің толық аяқталғанын күтіп отыр,–дейді жаттықтырушы Әділ Абай.  

Регина Князюк фитнес-клуб жабылғаннан кейін Инстаграмм желісінде жабық аккаунт ашып, жұмысын ұйымдастырды. Бизнесі табыс әкелмегенімен, карантин аяқталғаннан кейін де қызмет ақысын қымбаттатпаймын,–дейді ол,–мен қызметімді тіпті бүгіннен бастап та ашуға әзірмін.  Енді шешімді күтіп отырмыз,–дейді фитнес нұсқаушысы Регина Князюк.

Облыстағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мектепке дейінгі балаларға арналған үйірмелер жұмысына әзірге рұқсат жоқ. Сондай-ақ түрлі сайыстар ұйымдастыруға да тыйым салынған. Карантин кезінде аймақта 32 дәріс, 800-ден астам шара онлайн түрде өткізілген болатын.